Қаз   Рус

Әкімге сауал қойғысы келген белсенділер "тұтқындалды"

3097 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Среда, 21 Фев 2018, 13:30

Олар Бауыржан Байбектің жеке байлығына қатысты сұрақтарды да қойғысы келген

Әкімнің халыққа есеп беру жиынына шыққан қоғамдық белсенділер «тұтқынға» алыныпты  

Бүгін сағат 10.00 де Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК қала халқының алдына шықты. Дәстүрлі шара жылдағыдай Республика сарайында ұйымдастырылып, көпшілік сол жерге жиналды. Алайда, әкімнің қала халқына есеп беру жиынына барлық адам кіре алмады. Орынның жоқтығынан емес ыңғайсыз сұрақ қояды-ау дегендер бұл шарадан тыс қалып қойған.

Оқи отырыңыз
Бауыржан Байбек атына ықшам аудан беру ұсынысын комиссия қарайды

Құқық қорғаушы Виктория ТЮЛЕНЕВА Facebook әлеуметтік желісінде  «Көк жайлау» қоғамдық қозғалысының мүшелері де бұл кездесуге бармақшы болғанын жазады. Қоғамдық белсенділер жемқорлық, құрлыс нысандары мен жаппай ағаштардың шабылуы туралы сұрақтар қоймақ болған екен. Бірақ Абай ЕРЕКЕНОВ пен Андрей БУЗЫКИН сауалдарын қоймақ түгілі Республика сарайына жете алмаған.

Сағат таңғы 7.30 шамасында Абай Ерекеновтың домофонына белгісіз адамдар хабарласыпты. Өздерін жол полициясымыз деп таныстырғандар іздеудегі авто сіздің көлікке ұқсайды деп, Абайдың пәтеріне кірмекші болыпты. Таң атпастан жүрген бейсауыт «қонақтар» кіріп-шыққан көршілер арқылы подъездге еніп, ішке кіруге тағы да әрекеттенген. Күдігі тіптен ұлғайып кеткен қоғамдық белсенді есігін ашпаған.

Айтуынша, оның үйінің маңайын әлі де белгісіз адамдар торып жүр. Қазір ол адвокат шақыртып қойыпты. Бұл «таңғы шоу» әкімнің халыққа есеп беру жиынына жиналған Абай Ерекеновтың жолын бөгеу үшін жасалған. Бәлкім Республика сарайындағы «қойылымды» тек мемлекеттік қызметкерлер (мұғалімдер, дәрігерлер, әкімдік қызметкерлері, полиция) ғана көрулері керек болған шығар. 

- Бұл әкімнің халық алдында есеп беру жиыны. Мен қала тұрғыны ретінде өз сауалымды қойғым келді.Сол жиынға барғым келді. Алматы әкімдігіндегі жемқорлық пен өзі және отбасы жайлы да сұрағым бар еді. Әкімнен аз уақыттың ішінде қалай байып алғанын сұрағым келген. «Алматы паркинг» ақылы автотұрақ және Көк жайлау хақында да сұрамақшы едім. Бірақ оған жеткізбеді. Әкімдік әкімге ұнамайтын сауалдар қойылмау үшін осындай қитұрқы әрекетке барды. Полиция қызметкерлерін өз мүделері үшін пайдаланып отыр, - дейді «Көк жайлау» қоғамдық қозғалысының мүшесі Абай Ерекенов.  

Суретте Андрей Бузыкин және Абай Ерекенов.

Ал Абай Ерекеновпен салыстырғанда  Андрей Бузыкин үйінен шығып үлгеріпті. Әйтседе, дәл бүгін тым қырағылық танытқан полиция Андрейді құжатын тексеру үшін тоқтатып, Медеу аудандық ІІБ-на алып кеткен.

- Ешқандай да себепсіз бізді полиция басқармасына алып келді. Біз Көк жайлаудағы құрлысқа қатысты сұрағымызды әкім Бауыржан Байбекке қою үшін үйден шыққанбыз. Әйеліміз екеуімізді үш сағат ұстады. Түсініктеме жаздық. Жуық арада Алматы қаласы ІІД-нің ішкі қауіпсіздік қызметіне шағым түсіреміз, - деді Андрей Бузыкин Ratel.kz тілшісіне.

Ақпараттық агенттіктердің хабарлауынша Бауыржан Байбектің есеп беру жиыны сәтімен басталған. Көлеңкелі экономикамен күрестің және кең ауқымда легализацияның жүргенін айтыпты. Қала басшысының айтуынша, «Көк жайлау» жобасында жеке меншік коттедждерді салу жоспарда жоқ екен.

Фото: Total.kz, Facebook.com.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.