Қаз   Рус

Имам: Мешіттің есігі кез келген адамға ашық

760 қаралды
0
Ратель
Понедельник, 19 Фев 2018, 11:15

Ермек Мұқатай Голливуд актерлерінің мешітте болуына қатысты пікір білдірді

Өскемендегі Халифа Алтай мешітіне Голливуд актерлерінің келуі әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызған еді.

Оқи отырыңыз
Екіжүзді Кэри Тагава

«ҚазАқпарат» тілшісі осы оқиғаға байланысты бас имам Ермек қажы МҰҚАТАЙҒА хабарласып, пікірін білді. Имам бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқаны болмаса, шариғатқа қайшы ештеңе болмағанын айтады.

«Әлеуметтік желіге тараған ақпараттың барлығын біз исламның асқақ абыройын ойлаған жанашырлық деп қабылдадық. Әркімнің түсінік-танымы, деңгейі әртүрлі ғой. Сондықтан, ешкімге өкпе сақтап отырған жоқпыз. Мешіттің есігі кез келген адамға ашық. Актерлердің бәрі ғимарат ішінде шариғат заңдылықтарын сақтап жүрді. Шариғаттың ешбір шарты бұзылмағанын ресми мәлімдеймін. Дініміздің абыройына араша түсіп, өз өресіне сай үн білдіріп жатқан тілеулестеріміздің барына қуандық» - дейді Ермек қажы.

Сонымен қатар, Ермек Мұқатай Голливуд мамандары атсалысып жатқан жобаға мүфтияттың еш қатысы жоқ екенін атады.

«Мешітке кино түсіруші топтың келетіні бізге екі күн бұрын хабарланды. Ұсыныс облыстық дін істері басқармасынан түскен болатын. Оған мүфтияттың еш қатысы жоқ. Жоба жергілікті әкімдіктің қолдауымен жүзеге асып жатыр. Өңірдің рухани әлемін сипаттау үшін мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстыру керек болған екен. Сондықтан біз бұл ұсынысқа келістік» - дейді имам.

Осы оқиғадан кейін қоғам арасында мешітке өзге дін ұстанушылардың, шоу-бизнес өкілдерінің, шетел азаматтарының келіп-кетуін, ғимарат аумағында фото және видео түсірілімдер жасаудың жеке ережесін бекіту керектігі айтыла бастады. Ермек қажы Қазақстан зайырлы мемлекет болғандықтан, кез келген адамның мешітке келіп-кетуі әдеп-иба принциптерімен, мешіттің ішкі ережесімен реттелетінін айтады.

«Дәл қазір мешіт аумағында суретке түсіп, видео жасауға тыйым жоқ. Мешітте өзін-өзі ұстаудың жалпыға ортақ ережесі ілініп тұр. Соны сақтаса жетіп жатыр. Голливуд актерлері де сол ережемен жүріп-тұрды. Дегенмен діни қатынас та қоғаммен бірге дамып отыруы керек. Оған Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңға өзгерістер еніп жатқаны дәлел» - дейді ол.

«Шығыстың бренді» деген атпен түсіріліп жатқан деректі топтамада мешіт өмірінен қандай кадрлар берілетінінен мешіт өкілдері хабарсыз.  Дін қызметкері түсіруші топтың бұл туралы өздерімен ақылдаспағанын айтып отыр. Ермек қажы қарамағындағы мешіт қызметкерінің Бай Лин есімді актердің қасында тұрған атышулы суретіне қатысты пікірін білдірді. Әлеуметтік желіде аталмыш суретті салған адамдарды сот арқылы жауапқа тарту қажет деген ұсыныстар айтылған болатын. Имам мешіт тарапынан ешқандай шағым түсірілмейтінін айтады.

«Ислам - кешірім діні. Сондықтан облыстық мешіт тарапынан ешкімге арыз-талап түсірмейміз. Оның үстіне бұл жерде діни қызметкердің жеке бас құқығы тапталып отыр. Біз әріптесімізбен сөйлестік. Ұжым да, мешітке келушілер де оны отбасы құндылықтарына адал, дініне берік  жан ретінде біледі. Шетелдік меймандармен жүрген қарбаласта түсіп қалған кездейсоқ суретті сан-саққа жүргірткендерді өздерінің ар сотына тапсырайық. Дегенмен, бұл әріптесіміздің жеке құқығы. Біз ешкімді жазалауға, қатесі үшін жауапқа тартуға құлықты емеспіз. Ең бастысы, суретке ат қойып, айдар тағушылар өз қателіктерін түсінгені керек», - деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат. 

Фото: inform.kz


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.