М.Әуезов театр директоры «мемлекеттік сатып алу» кезінде бір миллион пара алды деген ақпарат тарады
Әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенжерінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан БІЛӘЛДІҢ парамен ұсталғаны хабарланды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «мемлекеттік сатып алу» кезінде бір миллион теңге көлемінде пара алыпты-мыс. Сондай-ақ, әлеуметтік желіге актердің парамен ұсталған кейіптегі фотосы да тарап кетті. Желі қолданушылары бұл кино кадрынан көрініс болуы мүмкін деген болжам айтуда.
Бұл ақпаратты okg.kz сайты да таратқан болатын.
Блогер Айгүл ОРЫНБЕК facebook.com желісіндегі өз парақшасына: «Бұл қаншалықты рас ақпарат екенін қайдам? Өмір бумеранг! Былтыр Тұңғышбай ағамыздың тарапына біраз ауыр сөздер айтқан еді....», - деп жазыпты.
Бұл алып-қашпа әңгімеге қатысты әзірге ресми ешқандай да ақпарат жоқ. Ратель тілшісі М. Әуезов театрының баспасөз қызметіне хабарласқанымен ешкіммен де байланыса алмады.
Фото: okg.kz