Қаз   Рус

Ерлан Біләл миллиондаған айыппұл төлеуі мүмкін

3427 қаралды
0
Ратель
Вторник, 06 Фев 2018, 10:30

Мемлекеттік айыптаушы Әуезов театрының бұрынғы директорынан 90 миллион теңге айыппұл өндіруді, ал сотталушы соманы азайтуды сұрады

Алматының Алмалы аудандық сотында Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының  бұрынғы директоры Ерлан БІЛӘЛГЕ қатысты қылмыстық істі қарау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Оқи отырыңыз
Ерлан Біләл алған парасын қайтаратын болды

Ерлан Біләл ҚР Қылмыстық кодексінің  24-бабы, 3-бөлігі, 366-бабы, 2-бөлігінде (пара алуға оқталу) қарастырылған қылмысты жасады деп айыпталуда. Сотта ол "Сезам" шығармашылық қорының президенті БАЯНОВТАН 2018 жылдың 2 қаңтары күні 600 мың теңге алғанын айтты. 4 қаңтар күні 900 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталған.  

Өткен сот отырыстарында Баянов сотталушыдан 600 мың теңге материалдық шығын талап еткен болатын, айыпталушы тарап бұл қаржыны төлеген. Дегенмен бүгін  Баянов моральдық шығын ретінде тағы миллион теңге талап етіп жатқаны белгілі болды, қорғаушылар онымен келіспей отыр. Сот аталған мәселеге қатысты үкім шығаратын кезде шешім қабылдайды.   

Мемлекеттік айыптаушы Ерлан Біләлге жаза ретінде параның алпыс еселенген көлемі  — 90 миллион теңге өндіруді сұрады. Сонымен бірге прокурор мүлікті тәркілеуге негіз жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ ол соттан Ерлан Біләлдің барлық мемлекеттік наградасы мен медальдерінен айыруға ұсыным енгізуді сұрады.  

Қорғаушы тарап Қылмыстық кодекстің 65-бабы бойынша (қатты өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату) Біләлді қылмыстық жауапкершіліктен босату немесе прокурор сұраған айыппұл көлемін төмендетуді сұрады. Сондай-ақ оның төрт баласы бар екені, оның екеуі кәмелетке толмағаны аталып өтті.    

Біләл соттан үкім шығарар кезде өзінің денсаулық жағдайын, кінәсін мойындағанын назарға ала отырып, бас бостандығынан айырмауды және мүмкін болса айыппұл көлемін төмендетуді сұрады. 

Естеріңізге сала кетсек, 5 қаңтарда М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры театр базасын балаларға арналған мерекелік шараларды өткізуге жалға бергені үшін 1,5 миллион теңге көлемінде пара алмақ болғаны анықталды.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын 2015 жылдың 27 сәуірінен бері басқарып келген.

Дереккөз: sputniknews.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)