Қаз   Рус

Ерлан Біләл алған парасын қайтаратын болды

233 қаралды
0
Ратель
Среда, 31 Янв 2018, 16:00

Алматыда Әуезов театр директорына қатысты сот жалғасуда

Алмалы аудандық сотында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының экс-директоры Ерлан БІЛӘЛДІҢ ісі бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқи отырыңыз
Ерлан Біләл пара алған ба?

Сот барысында «Сезам» қорының директоры Қайрат БАЯНОВ Ерлан Біләлге ақшаны қалай бергені туралы айтып берді. «Сезам» директоры ең алғаш рет сотталушымен 2017 жылдың қазанында кездескен. Сол кездесу барысында сыйақы көлемі туралы уағда болған. Баянов Біләлге 1,5 млн теңге көлемінде ақшаны бөліп-бөліп беруі тиіс болған.

«Сома туралы сөйлеспедік. Ол (Ерлан Біләл -  авт.) 1,5 млн теңгені меңзеді. Жарайды, көрейік дедім», - деді Баянов.

Кейінірек Баянов тергеу орындарымен бірге жұмыс жасай бастаған. Алғашқы 600 мың теңгені Баянов конвертке салып 3 қаңтарға дейін берген. Бірақ Біләл ақшаны тезірек беруін сұрап, қайта-қайта мазалаған. Қалған  900 мың теңгені Баянов 4 қаңтарда беруі тиіс болды. Куәгер Баянов 600 мың теңгені қайтаруға ниетті екенін айтты. Бұған дейін куәгер болып келген «Сезам» қорының директоры Қайрат Баянов азаматтық арызданушы болуға ниет білдірген еді. Оған Біләлдің қорғаушысы мен мемлекеттік айыптаушы қарсы шығып, бұл істе тек мемлекет жапа шегуші екендігін жеткізді.

Іс материалдарына қарағанда, Ерлан Біләл «Сезам» қайырымдылық шығармашылық қорының басшысы Қайрат Баяновтан 1,5 млн теңге көлемінде пара алмақ болған. Бұл қаржыға театр ғимаратында балаларға арналған қойылым өтуі тиіс болатын.

Алдыңғы сот отырысында Ерлан Біләл 600 мың теңгені қарызға таратып тастағанын айтқан еді.

Еске сала кетейік, Алматыда М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, белгілі актер Ерлан Біләл 1,5 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)