Қаз   Рус

Дінтанушы: Мұғалімдерді хиджаб дауына араластырудың қажеті жоқ

2387 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Четверг, 08 Фев 2018, 10:30

Егер қатаң шаралар қолданылмаса, радикализмнен жеңілдік деген сөз

Сабаққа хиджабпен кіргізбей қойғаны үшін балаларын мектепке жібермей қойған ата-анаға мұғалімдерді айдап салудың қажеті жоқ. Дінтанушы Кеңшілік ТЫШҚАН Rатеl.kz тілшісіне осылай деп мәлімдеді.

Оқи отырыңыз
Мектеп жарғысына сай өмір сүру

Ақтөбе мектептерінде хиджаб дауы басталғанда Кеңшілік Тышқан да аталған өңірде болыпты. Жекелеген ата-аналармен сөйлескенде қыздарының басынан орамалды шешуге көнеді. Бастары біріккенде айтылған әужге құлақ аспайды дейді ол.

Хиджаб дауы Ақтөбе облысында жылдың басында шықты. Білім және ғылым министрлігінің бірыңғай мектеп формасына сүйенген ұстаздар орамал таққан оқушыларды сабаққа кіргізбей қойған-ды. Жергілікті білім басқармасының мәліметінше қазір 170 оқушыны ата-аналар діни себептермен білім алуға жібермей отыр.

- Мұғалімдердің қолында ешқандай да заң жоқ. Оларды тыңдайтын ата-аналар да жоқ.Теологтардың да жұмысынан нәтиже шығады дегенге күмәнім бар. Тек күштік құрлымдар араласуы тиіс. Бірінші айыппұл одан кейін керек болса ата-ана құқығынан айыруға дейін бару керек. Сонда ғана мәселе шешіледі деп ойлаймын. Өйткені олар қазір көбейіп алды. Қатаң шаралар керек. Егер қатаң шаралар қабылданбаса радикализмнен жеңілдік деген сөз, - дейді дінтанушы Кеңшілік Тышқан.

Өткен аптада Ақтөбе қалалық соты Білім министрлігінің қаулысы орамал таққан оқушылардың конституциялық құқығын шектемеді деп үкім шығарған. Шенеуніктер жыл басынан бері 162 оқушы қыз хиджабын шешкендігін мәлімдеген. Алайда, бұл сандардың ресми ақпарат екенін ескерген жөн. Ақтөбе білім басқармасы қалған екі жүзге таяу ата-аналармен мұғалімдердің де келіссөз жүргізіп жатқандығын мәлімдеген.

Онсызда міндеттемесі көп мұғалімдерге бұндай жауапты істі жүктеу орынсыз дейді Кеңшілік Тышқан. Діни уәждерін айтып, исламнан терең түсінік беретін теологтардың өзі дәстүрлі бағыттағы емес ата-аналардың көзқарасын өзгерту үшін ұзақ уақытты сарп ететінін айтады.

Әзірге Ақтөбе облысында бұл мәселе толық шешілмей тұр. БАҚ-ры Ақтөбе облысындағы кейбір ата-аналардың балаларын қашықтықта оқытатын Ресейлік мектепке бергелі жатқандығын жазып жатыр. Хиджаб дауы 2017 жылдың қыркүйек айында Жаңаөзен қаласында да болған еді. 60 шақты оқушы мектепке кіргізілмей олардың ата-аналарыда конституциялық құқығымыз тапталды деп мәлімдеген.

Фото: azattyq.org.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.