Қаз   Рус

Баланың өліміне кім жауапты

121 қаралды
0
Антон СЕРГИЕНКО
Четверг, 25 Янв 2018, 15:30

Шолпан ауылындағы «А» гепатитінің таралуына жергілікті дәрігерлер кінәлі болып шықты

Сәрсенбі күні, 24 қаңтарда Өскеменде ШҚО әкімі орынбасары Әсем НҮСІПОВА мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат ШОРАНОВТЫҢ қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Оқи отырыңыз
Жамауға кеткен бюджет қаражаты желге ұшты

Шенеуніктер Үржар ауданына қарасты Шолпан ауылындағы «А» гепатиті шыққан эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Ауылда сары ауруға ондаған бала шалдығып, бір оқушы қайтыс болған еді. Қайғылы жағдайға орай республикалық комиссия құрылып, жұмыс жасаған болатын. Жиынға қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ғазиз СҮЛЕЙМЕНОВ және комиссияға жетекшілік еткен Нұрланғазы ИБРАЕВ та қатысты.

Комиссия құрамына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары, инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық мониторингілеу департаменті өкілдері,С. Асфендияров атындағы Ұлттық Медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ұстаздары да кірген.  

 - Комиссия жұмысын аяқтады. Гепатит тарамаған. 2017 жылдың қыркүйегі мен 2018 жылдың қаңтар аралығында сары ауруға шалдыққандармен  қарым-қатынаста болған 46 бала тексерістен өткізілген. Аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне 25 бала жатқызылған. Тек солардың 12-сі ғана «А» гепатитіне шалдыққаны анықталған. Бұл ресми мәлімет. Және тағы 19 баладан анықталғанымен ол мәлімет жасырылып қалған. Халықтан ауруханаға өзіміз барып, ем-домға ақшаны қалтамыздан жұмсадық деген шағымдар түсті. Жалпы, Үржар аудандық аурухана басшылығы өз жұмыстарын дұрыс атқармаған. Оларға қатысты шарала қолданатын боламыз, - деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысы Марат ШОРАНОВ.

Баспасөз мәслихатын өткізушілер орталық аурухананың бас дәрігері БАҚ-на бұрыс мәлімет беріп, «А» гепатитіне қатысты мәселе ушығып кетті дейді. Ал Шолпан ауылындағы қыз баланың өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр екен.    

- Аудандық ішкі істер бөлімінде қылмыстық іс тергеліп жатыр. Комиссия жинақтаған барлық құжат сол жаққа жөнелтілді, - деді Нұрланғазы Ибраев.

- Қайтыс болған баланың өлімі сары аурудан болмауы мүмкін деп мамандар тұспалдап отыр. Дәрігерлер осыны да айта кетулері керек еді. Баланың өліміне қауіп төндірген басқа вирустардың да формасы болған. Нақты қорытынды зерттеу аяқталғанда шығады. Бас дәрігердің біліксіздігі осы жағдайға әкеп соғып отыр. БАҚ-нан сұрайтынымыз сіздерге қандай да бір ақпарат түссе тиісті органдарға хабарласыңыздар. Ақпаратты анықтап алу үшін, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова. 

Қысқасы, шенеуніктер Шолпан ауылында даурығатындай дәнемеде болған жоқ. Жағдай толық бақылауда. Барлығына аудандық аурухананың бас дәрігері Жексенбай ТІЛЕУБЕРЛИН жазықты болып шығыпты. Республикалық телеарналардың біріне «А» гепатитіне шалдыққандар саны 49 деген дәрігер кінәлі екен. 

Фото автордікі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!