Қаз   Рус

«АрселорМиттал Темиртау» жұмысшының жарақатын жасырып қалған

1322 қаралды
0
Ратель
Понедельник, 05 Фев 2018, 08:45

Компания өкілдері Ленин шахтасындағы орын алған жайсыз оқиғаны жол-көлік апатында болған деп көрсеткен

«АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның лауазымды қызметкерлерінің Ленин атындағы шахтада болған жайсыз жағдайды жасырып қалу әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын басшылары жұмысшының жарақат алу жағдайын жасырып қана қоймай, жол-көлік оқиғасын ойлап тауып, шахтердың жарақатты соның салдарынан алғандығын дәлелдеп бағуға тырысты. Кәсіпорын басшыларының жымысқы әрекетін Шахтинск қаласының соты әшкереледі.

Оқи отырыңыз
Қара қарды жаудырған «АрселорМиттал Теміртау»

Кейін мәлім болғанындай, 9 қараша күні жұмыс істеп жатқан жұмысшы биіктіктен құлап кетіп, оның әріптесі алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Ал дәрігерлер жұмысшының басынан және иығынан қатты соққы алғандығын растаған. Жайсыз оқиғаны бөлім бастығы тіркеуге алмаған. Ол жұмысшыға демалыс беріп, үйіне жіберген.

Ал ол үйіне кетіп бара жатып, жолда есінен танып қалған. Осыдан кейін емдеу шаралары бірнеше айға созылған. Осы себепті шахтер компанияны жауапқа тартпақ болған.

Ол Ленин атындағы шахтаның басшылығына қарсы арыз жазып, жайсыз оқиғаны растап, тиісті акт беруін сұраған.

Алайда өзге шахтерлердан оқиға туралы сұрағанда олардың барлығы оқиғадан бейхабар болып шыққан. Яғни болған жайдың дәлелі жоқ.

Сөйтіп, компания жұмысшының басында болған жайды мойындаудан бас тартқан. Зардап шеккен азамат Шахтинск қаласының сотына шағымданды. Шахтаның лауазымды қызметкерлері жол-көлік апаты болғаны туралы білетіндерін және жарақаттың сол апаттың салдарымен тікелей байланысты екендігін сенімді түрде мәлім еткен.

Алайда судья мұндай апаттың болмағандығын дәлелдеді. «Жауапты азаматтың жол-көлік оқиғасы туралы мәліметтері расталмады.

Ішкі істер органының өкілдері мұндай оқиға болмағандығы жөнінде анықтама берген, зардап шеккен азаматтың медициналық тексеру жөніндегі құжаттары да оның жол апатына түспегендігін дәлелдеді», - деді Шахтинск қалалық сотының судьясы Ерлан СЫЗДЫҚОВ.

Шахтада болған жайсыз жағдайды судья толықтай растады және «АрселорМиттал Темиртау» компаниясына Қарағанды облыстық еңбек инспекциясы мамандарының қатысуымен осы оқиғаға тексеру жүргізуге мәжбүрледі.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)