Қаз   Рус

Арайлым Әлімхан: Жүрегінде иманы бар шетелдік жігітті таңдадым

4859 қаралды
0
Сырым ИТКУЛОВ
Понедельник, 05 Фев 2018, 14:45

Танымал блогер қазақ қыздарын шетелдіктерден қорғап жүрген «ұлт жанашырына» жауап берді

Журналист әрі блогер Арайлым ӘЛІМХАН «өзге ұлт өкілін таңдаған әр қазақ қызы арсыз» деген пікірмен келіспейтінін айтты.

Оқи отырыңыз
Бүгінгінің Ер Жәнібегі қыздарды шетелдіктерден құтқарып жүр

«Құрметті Жәнібек мырза, сіздің ұлт үшін, “қазақ xалқы” деп әр жерден патриоттық сезіміңізді білдіріп жүргеніңіз құптарлық іс екен. Алайда, сонау үлкен басыңызбен әр қазақтың қызын шетелдікке бермеймін, өзге ұлт өкілін таңдаған әр қазақ қызы арсыз деген сөздеріңізге келіспеймін. Шет елдік жігіттің соңынан ерген қазақ қыздарының бірі мен боламын және өзімнің болашақ жарымды мақтан тұтамын. Сіздің жасыңызда жаман ұлт болмайтынын, жаман адам болатынын түсінетін уақыт келді емес пе?

Жарайды, мұны түсінбейді делік. Ал енді Заң алдыңда бұл да үлкен қателік екенін білмеп пе едіңіз? Біз көпұлтты әрі көп дінді бейбіт және зайырлы мемлекетте тұрамыз. Сіздің мына қылықтарыңыз ұлтаралық араздастыққа жатады және ашуы келген адам сіздің үстіңізден арыз жазса, ертең бір емес бірнеше баппен сотталып кетуіңіз мүмкін.

Жә, бұған да қош делік. Күйеуге тие алмай жүрген барлық қыз-келіншекті жинап алып қайтпексіз? Бізде Заң бойынша Тоқал алуға болмайды, яғни көп әйел алушылық дегеніміз көңілдестің санын арттыру.

Егер соншалықты “намысшыл батыр” болсаңыз, қазақтың қанын құрттыңдар деген жанайқайыңызды есітісін десеңіз, басқа ұлтқа үйленетін жігіттерден бастаңыз. Неге жат жұрттық қызға тиісесіз де, басқа еркекке сөз айта алмайсыз?

Мен ауызынан шөлмегін түсірмейтін, қатын мен бала-шағасын ұратын, қазақтың жап-жас қыздарын қорлап зорлайтын имансыз кейбір қазақтың жігітін емес, жүрегінде иманы бар шетелдік жігітті таңдадым. Барлық қазақ жаман демеймін. Сол аз ғана қазақты біріне-бірін қарсы қойып отырған сізді жаман деймін», – деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, өзге ұлт өкілімен бірге жүрген қазақ қыздарын аңдып, оны видеоға түсіруді әдетке айналдырған Жәнібек ИМАНМӘЗІР атты желі қолданушысы жақында кезекті жазбасын жариялаған болатын.

Фото: Instagram.com.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!