Қаз   Рус

Қарағанды облысында заңсыз медициналық қалдықтар табылды

1114 қаралды
0
Айман САҒАТАЙ
Вторник, 20 Фев 2018, 09:00

Денсаулықтарына алаңдаған Новодолинка елдімекенінің тұрғындары дабыл қағуда

Жергілікті халықтың айтуынша, бұндай медициналық қалдықтар Новодолинка ауылының маңында осындай үш жерге жиналған екен. Қалдықтарды тастаған ұйым оларды өртемек болып, 500 метр көлемдегі жерді жаққан. Алайда, оған қарамастан, қолданылған шприц, ампула, бір реттік гинекологиялық айналар жойылмай қалған.

Малдарын далаға жайып жүрген жергілікті тұрғынның бірі Александр қалдықтарды видеоға түсіріп алған. Келесі күні де қар астында көміліп қалған зиянды заттарды біз де өз көзімізбен көріп қайттық.

«Бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес. Бұрын бұл жерден шамалы алыстау балшыққа апарып жағатын. Оны талай тұрғындар көрген. Жедел жәрдем көлігі келіп, артынан оттың жалыны мен түтіні шығып жататын. Оған халық көңіл бөлмейтін. Енді мынаусы масқара ғой. Дәл ауылдың іргесіне алып келіп жаққан», деген куәгер Александр түсірілген видеобейнені полицейлерге тапсырған.

Бір реттік гинекологиялық айналар қазір еш емханаларда қолданылмайтынын айтқан Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық қорғау департаментінің басшысы Ләззат СЕКЕРБАЕВА заңсыз тасталған қалдықтар түрлі ауруларға алып келетінін мойындады.

«Емханалар бір реттік айналарды пайдаланбайды. Олар арнайы зауыттарға өткізеді қалдықтарды. Аталған қалдықтардың тұрғындарға зияны тиюі мүмкін. Олар бекер алаңдап, дабыл қағып отырған жоқ. Гепатит А, Б, ВИЧ ауруы мен СПИД індеті таралуы әбден мүмкін. Сондықтан, қазір жауапты ұйымдар тексерістерін бастап кетті. Олар кінәлілерді анықтайды», деді облыстың Бас дәрігері.

Тексеріс жүріп жатқанда, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қызметкерлерінің қолдары жіпсіз байланулы. Тек күтілеріне тура келеді.

Мамандардың мәліметінше, медициналық қалдықтарды жоюға қаражат қарастырылмаған ұйымдарды тексеру керек. Себебі, мемлекеттік емханалар мен аурухалардың қалдықтары жоғарғы температурадағы арнайы пеште жойылады екен.

Фото автордікі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.