Қаз   Рус

«Алаяқ» деп айыпталған ұстаз жұмысынан кетті

903 қаралды
0
Әйгерім ЖЕТПІСОВА
Четверг, 23 Ноя 2017, 16:30

Павлодар облысында физика пәні мұғалімі оқушы қыздан алтын бұйымдарды алдыртып, ломбардқа өткізгені үшін істі болды

Екібастұзда  Абай Құнанбаев атындағы №2 орта мектебінің мұғалімі Алмагүл АВДОЛХАН ақыры жұмысынан қуылып тынды. Бұл туралы Павлодар облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жомарт ҚАРАМБАЕВ хабарлады.

"Бұған дейін денсаулығына байланысты уақытша жұмыстан босатылған Алмагүл Авдолхан бұдан былай оқиға орын алған мектепте қызмет етпейді. Жалпы, ұстаз мұнда биыл қыркүйек айында орналасқан", - деді Жомарт Қарамбаев.

Сынып жетекшісіне жаны ашып, қол ұшын беремін деп басы дауға қалған 11 сынып оқушысы қазір үйінде ем-дом қабылдауда. Оның анасы Баян СӘРСЕКЕЕВАНЫҢ айтуынша, қыз бала осы аралықта күйзеліске ұшырап үлгерген. "Қызымның басы ауырады. Тәбеті де жоқ. Ұстазының "анам хәл үстінде жатыр" деген сөзіне иланып, өзінше көмектеспек болған. Сөйтіп, алданып қалған. Қазір ауруханадан анықтама алып, үйде емделіп жатыр. Өзіне келген соң сабаққа барады, - дейді ол.

Ал 29 жастағы Алмагүл Авдолханның  бағалы бұйымдарды анасының сырқаттануына байланысты уақытша алғанын алға тартты.  "Мен қайтарып беру ниетіммен ғана қарызға алдым 20 күнге. Оны уақытында қайтарып бердім. Ешқандай басқа зорлап оны күшпен қолынан тартып алған жоқпын. Келісімімен ғана алдым, қайтарып бердім. Анасына бәрін түсіндірдім. Кешірім сұрағам. Анамның денсаулығына байланысты алдым, - деп ақталды ол.

Бағалы бұйымдары түгел қайтарылғанымен  Баян Сәрсеекева Екібастұз қалалық прокуратурасына шағым түсірген. Айтуынша, мұндай жайтқа жол берген ұстаздың балалармен жұмыс істеуі қауіпті. Кәмелет жасына толмаған қызының күйзеліске ұшырағанын алға тарқан ата-ана енді оны бұл қадамға итермелеген сынып жетекшісін білім саласында еңбек ету құқынан айыруға ниетті. Ал оның білім саласында қызмет етуге хақы бар-жоғын енді тек сот шешеді.

«Мектеп мұғаліміне қатысты бүгінгі күнде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті тұлғаға бүгінгі күнде «Алаяқтық» бабы бойынша кінә артылып отыр. Ол өз кінәсін мойындап отыр, -  деді Екібастұз қаласы прокуратурасының баспасөз  хатшысы Файзолла ЖАНАБАЕВ.

Еске сала кетейік, мұғалім сырқат анасының еміне қажет деп 11 сынып оқушысын алдап, алтын бұйымдарын алған. «Алтын қолына түскеннен кейін ол бұйымдарды ломбардқа өткізіп, 240 мың теңге алған», – деп хабарлаған еді ІІД баспасөз қызметі.

Ешкімді алдап-арбамадым деген педагогтың өзі мемлекеттік қорғаушы жалдап, кінәсіз екенін дәлелдемек.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)