Қаз   Рус

Айзере Қақарманованың өліміне кінәлілер анықталды

573 қаралды
0
Ратель
Пятница, 26 Янв 2018, 10:45

Қарағандыдағы 3 жасар қыздың өліміне дәрігерлердің кінәсі бар

Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті Қарағандының инфекциялық ауруханасында көз жұмған үш жасар Айзере ҚАҚАРМАНОВАНЫҢ өліміне қатысты тексерісті аяқтады.

Оқи отырыңыз
Үш жасар Айзеренің өлім себебі белгілі болды

Департамент комиссиясы облыстық инфекциялық аурухананың қызметкерлерінің жұмысынан шикілікті анықтады. Дәл осы жағдай бала өліміне себепші болды ма, жоқ па – ол тергеу барысында белгілі болады. Медицина қызметкерлерінің жұмысында жол берілген кемшіліктер мен бала өлімінің арасындағы байланыстарды Қарағанды ІІД айқындайды.

Комиссияның анықтауынша, кезекші дәрігер жұқпалы аурулар маманы емес, педиатр болып шықты.

Комиссия қабылдау бөлімі дәрігерінің, емдеуші дәрігердің және медбикелердің әрекеттерінен кемшілік тапты.

«Тексеру актісімен таныстым. Онда дәрігерлердің әрекеттеріндегі ҚР ҚК 317-бабының («Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы») 3-бөлігінде және Қылмыстық кодексінің заңсыз медициналық қызметпен айналысу туралы 322-бабының 3-бөлігінде көрсетілген құқықбұзушылық белгілері қарастырылған», – дейді Айзеренің анасы Диана ҚАҚАРМАНОВА.

Комиссия қорытындылары Қарағанды ІІД Михайлов полиция бөлімінің тергеушісіне беріледі. Нақты күдіктілер жоқ.

Еске сала кетейік, 31 желтоқсанда Қарағанды облыстық инфекциялық ауруханасында үш жасар қыздың жұмбақ жағдайда көз жұмғандығы белгілі болды.

3 жасар Айзере Қақармановның ата-анасы қайғылы оқиғаға дәрігерлерді кінәлаған еді.

ДереккөзҚазАқпарат

Фото: inform.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.