Шымкент қаласындағы №1 балалар саз мектебінің оқушысы Даниал Бектай Әбу-Дабиде өткен халықаралық байқауда лауреат атанып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жуырда Араб Әмірлігінің астанасында «ABU DHABI MUSIC COMPETITION» атты халықаралық байқау өткен болатын. Өнер сайысына Италия, Ұлыбритания, Мальта, Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірнеше елден үміткерлер қатысты. Осы сайысқа Қазақстанның атынан қатысқан Даниал «Аспаптық музыка» номинациясы бойынша сынға түскен еді. Ол фортепиано аспабында Аустриялық ұлы композитор Фридерик Шопеннің «Вальсі» мен қазақтың дарынды қызы, композитор Ғазиза Жұбанованың «Прелюдиясын» аса жоғары деңгейде орындап шықты. Әділқазылар қазақ баласының өнеріне тәнті болып, жоғары баға берді.
Осылайша Даниал Бектай өзгелерден оқ бойы озып шықты. Айта кетейік, дарынды оқушы саз мектебінің белгілі педагогы Раушан Қожайсақованың сыныбында дәріс алады.