Олимпиада өтіп жатқан Онтүстік Кореяда ауа райы қолайсыз болып тұр
Бүгін Пхенчханда қатты соққан жел көшелерде шатырларды құлатып, Олимпиада жалауларын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, көптеген жерлерде нысандарға олимпиадашыларды тексеріп кіргізіп, тексеріп шығару үшін құрылған шатырлар қирады. Ал Олимпиада жалаулары аспанда қалықтап жүр. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолына қамыстан тоқылып, төселген төсеніштерді қатты боран ықтасын жерлерге апарып үйіп тастаған.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін өтуге тиісті тау шаңғы жарысын 16 ақпанға ауыстырғанын хабарлаған болатынбыз.