
WBA, WBC, IBF, IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз жанкүйерлерін Альвареспен жекпе-жегі алдында өтетін баспасөз мәслихатына шақырды
WBA, WBC, IBF, IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз жанкүйерлерін Альвареспен жекпе-жегі алдында өтетін баспасөз мәслихатына шақырды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
«Мен сіздермен сейсенбі күні Лос-Анджелесте өтетін тікелей эфирдегі кездесуді асыға күтемін! Қолдауларыңызға рахмет!», - деп жазды Головкин Instagram-дағы ресми парақшасында. Еске салайық, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile Arenа-да өтеді. Алғашқы ресми баспасөз мәслихаты Лос-Анджелесте (Астана уақытымен 28 ақпан күні таңертең) 27 ақпанға жоспарланған.