Қаз   Рус

Ан-148 апатынан қаза болғандардың тізімі жарияланды

32 қаралды
0
ҚазАқпарат
Понедельник, 12 Фев 2018, 08:00

Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерінің аты-жөндері анықталды.

Олардың тізімі Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында орналастырылды. Ажал құшқан жолаушылардың үшеуі - балалар. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Кейін ұшақ қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылғаны мәлім етілді.

 «Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болды. Олардың барлығы ашал құшты.   ТАСС агенттігінің «Саратов әуе желілері» компаниясына сілтеме жасап хабарлауынша, қаза болған адамдардың туыстарына шұғыл көмек ретінде 100 мың рубльден төленеді.

«100 мың рубль көлеміндегі шұғыл көмекті алу үшін көз жұмғандардың туған-туыстары "АльфаСақтандыру» АҚ-ға жүгіне алады», - делінген компания ақпаратында.

Әуе кемесі апатқа ұшыраған орында 150-ден астам адам мен 20 техника жұмыс істеуде.

ТЖМ басшысы Владимир Пучковтың айтуынша, құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілетін болады. Апатқа не себеп болғандығына қатысты ресми ақпарат жоқ.

Тергеу комитеті  қайғылы оқиға ауа райының нашарлауы, экипаждың қателігі, сондай-ақ техникалық ақау салдарынан болуы мүмкіндігін айтуда.

Әзірге, оқиға орнынан бір қара жәшік табылды. «Домодедово - Орск» рейсін орындаған Ан-148 ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша «Абайсызда соңы екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген әуе көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Іс Тергеу комитетінің орталық аппаратына берілді.

Ресей президенті Владимир Путин адамдардың қаза болуына орай көңіл айтып, үкіметтік комиссия құруды тапсырды. Осы уақытта Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза болғандардың арасында еліміз азаматтарының бар-жоғын анықтауда. 


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."