23 жастағы азамат ендігі 4 жылын абақтыда өткізуі тиіс
Оқиға биыл қыркүйек айында Успенка ауданында Қозыкеткен ауылында орын алған. Көп ұзамай «Зорлау» бабы бойынша айыпталып, қамауға алынған 23 жастағы күдіктінің өзі бұған дейін сотталмаған көрінеді. Кейуананы жәбірлеген оның отбасын құрмағанын да айта кетейік.
"1994 жылғы азамат «Зорлау», «Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері» баптары бойынша айыпталған. Оны кінәлі деп таныған сот 4 жылға бас бостандығынан айырды", - деп хабарлады Павлодар облыстық сот баспасөз қызметінің өкілі Әсел ҚҰСАНОВА.
Қылмыстық кодекстің қос бірдей бабы бойынша сотталған азамат алдағы төрт жылын темір тордың ар жағында өткізуі тиіс. Ол заң бойынша 15 күн ішінде апелляциялық сотқа шағым түсіруіне құқылы. Алайда шағымдана ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.
Фото: izhevsk-news.net