Yнді киножұлдызы Оңтүстік Қазақстанға тарихи фильмнің түсіріліміне келеді
Голливуд және Болливуд жұлдыздары қазақстандық жобаларға қатысуда. Бұл туралы Еуразия кинофестивалі директоры Мира Қарсақбаева айтты, деп хабарлады Stan.kz TVK арнасына сілтеп.
«Фильм сәуірде түсіріледі. Ол Чакрабортимен таза үнді фильмі болады. Оны Шымкентте түсіруге дайындалып жатырмыз», – дейді Мира Қарсақбаева.
Айта кетейік, Лондондағы Дакорум ауданында қазақстандық режиссерлердің қатысуымен кинофестиваль өтуде.
Мира Қарсақбаеваның айтуынша, жақында филмдерге конкурс болады. Онда 2016 жылдан бүгінге дейінгі толықметражды фильм түсірген барлық режиссерлер қатыса алады.
«Бізге Дакорум мэрі қоддау көрсетуде. 15 тамыздағы кинофестивальде боламыз. Мүндай кәсіби үлкен көлемдегі фестиваль алғш рет болады. Бізде 15 наурыздан бірінші шілдеге дейін іріктеу болады», – дейді Еуразия кинофестивалі директоры.
Фестивальде жазушылар, музыканттар, бишілер, сиқыршылар, дизайнерле, скульптура және ақындар сияөты шығармашылық адамдары қатысады.