Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Зардап шегушілер түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді
Семейде №56 жолаушылар автобусы жылдамдықты арттыру салдарынан аударылып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Оқиға түсте «Көлік базары» аумағында болған. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан автобус жүргізушісі қиылыстан өтіп кетпекші болған, алайда бұрылып үлгермеген, соның салдарынан автобус жолдың жағасына шығып кетіп, жолаушылармен бірге аударылған. Апаттың салдарынан 9 адам зардап шеккен. Құрбан болғандар жоқ. Автобус жолаушылары жүргізушіге бірнеше рет ескерту жасаған. «Есуас жүргізуші», - деді жолаушылардың бірі автобустан шығып жатып. Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Зардап шегушілер түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.