Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі әлеуметтік желі арқылы халықпен байланысты жақсарту үшін Whatsapp мессенджерін іске қосты. Әкімдік аталған байланыс арқылы облыс жұртшылығымен ашық диалог орнатуды мақсат ете отырып, жергілікті атқарушы биліктің қызметін жетілдіруді және қоғамдағы түйткілді мәселелерді дер кезінде шешуді көздейді.
Бұл туралы аймақ әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті. Енді өңір халқы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері мен басқа да өтініштерін WhatsApp қосымшасы арқылы 8 702 198 53 23 байланыс нөміріне фото немесе жазбаша түрде жолдай алады. Ал келіп түскен өтініштерді салалық басқармалардан құрылған жұмысшы топ назарға алып, нәтижесін өтініш берушіге жолдайтын болады.