35 жас шамасындағы тұрғынның құжаттарын тексеріп, тінту барысында 16 калибрлі аңшы мылтығы мен 47 дана 16 калибрлі оқ табылған
Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер заңсыз қару алып жүрген азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірдің тәртіп сақшылары Маятас елді мекенінің маңында жедел-профилактикалық тексеру жүргізу кезінде «ВАЗ-21213» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Рульді тізгіндеген 35 жас шамасындағы тұрғынның құжаттарын тексеріп, көлікті тінту барысында 16 калибрлі аңшы мылтығы мен 47 дана 16 калибрлі оқ табылған. Олардың барлығы тәркіленіп алынып, сот баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда аталған жайт негізінде Қылмыстық кодекстің 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.