Жүргізушінің қызметтен кеткені туралы «Qazaqstan» телеарнасының баспасөз қызметі растады
Елімізге белгілі шоумен Нұрлан Қоянбаев бұдан былай «Түнгі студия» бағдарламасын жүргізбейтін болды. Нұрлан Қоянбаевтың қызметтен кеткені туралы «Qazaqstan» телеарнасының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Төраға айтқандай («Қазақстан» РТРК» АҚ басшысы Ерлан Қарин - авт.) Нұрлан Қоянбаев «Қазақстан» РТРК бас продюсері қызметінен осы жылдың қаңтар айында кеткен болатын», - деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» баспасөз қызметінен. Сонымен бірге, баспасөз қызметі Нұрлан Қоянбаев «Түнгі студия» бағдарламасын бұдан былай жүргізбейтінін айтты. Айта кетсек, Н.Қоянбаев 2017 жылдың ақпан айында «Қазақстан» РТРК бас продюсері болып келген еді.