Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Палата пленарлық отырысында сәрсенбіде Мәулен Әшімбаевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 24-бабы 3 тармағына сәйкес және оның отставкаға кету туралы өтініші негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады», - деді ОСК мүшесі ҚР Бақыт Мелдешов.
Еске салайық, 2018 жылдың 1 ақпанында М.Әшімбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылдың 25 наурызынан бастап, соңғы сайланғанға дейін VI шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.