Сенатор Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды
Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхамед ҚР Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Бүгін Мұхтар Құл-Мұхамедті Парламент Сенатының комитет мүшесі етіп сайлау туралы Сенаттың қаулысы шықты. «ҚР-ның Парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 25-бабы 2-тармағының 1 тармақшасына және «ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, Парламент Сенаты қаулы етті. «Мұхтар Абрарұлы Сенат жұмысына өзінің қомақты үлесін қосар деп сенемін. Сізге табысты жұмыс тілейміз», - деп құттықтады ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске сала кетсек, Елбасы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының жаңа бірінші орынбасарын таныстырған болатын. Ал оған дейін ол лауазымды атқарған Мұхтар Құл-Мұхамед Елбасының Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болды.