Денсаулық сақтау саласының лауазымды тұлғалары қазақстандық этика бойынша рейтингіде ең нашарлары болды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (МҚІСЖҚІҚА)
«Мемлекеттік органдар арасында сауалнама шеңберінде жиналған мемлекеттік қызметшілердің этика рейтингісіне сәйкес, халық пікірінше, денсаулық сақтау бағытындағы мемлекеттік органдар мүмкін боларлық 10 баллдан 6,19 балл жинап, рейтингте соңғы орынды иеленді», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларын сақтау жөніндегі кеңесте МҚІСЖҚІҚА басқарма бастығының орынбасары, Равиль Төлебаев.
Әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 26% -ы мемлекеттік қызметтегі этика жағдайын теріс бағалайды.