
Елімізде қаңтар айында 3 мыңнан аса жаңа көлік сатылды
"ҚазАвтоПром" мәліметінше, жаңа көліктердің шамамен 40 пайызы жергілікті зауыттарда шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
Басылымның мәліметінше, бұл жолы рейтингте LADA маркалы көлігі жақсы көрсеткіш тіркеді.
Дилерлер бір айда 785 LADA маркалы көлігін сатқан. Жарияланған рейтинге қарағанда, ең көп сатылған көліктердің тізімінде 1-орында Ravon Nexia R3 (251 көлік), 2-орында LADA Granta (216 көлік), ал 3-орында LADA 4×4 Niva (212 көлік) тұр. Ал былтырғы рейтингте көш бастаған Toyota Camry әзірше 5-орында тұр. Kolesa.kz мәліметінше, бір айда 186 Toyota Camry сатылған.