Қазақстандықтарға берілетін анықтамалардың барлығы алынуы мүмкін
Елімізде жылдың соңына дейін құжат айналымынан 18 миллион анықтаманы алып тастау жоспарлануда, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев, деп жазады ҚазТАГ.
«2 миллион анықтаманы біз бүгінге дейін алып тастадық. Жылдың соңына дейін тағы 18 миллионын алып тастау керекпіз. Бірақ, бұл үшін интеграцияны қамтамасыз ету керек», - деді жұма күні ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев.
Ол қазақстандықтарға берілетін анықтамалардың барлығын алып тастау мүмкіндігі барын да жеткізді.
«Бізде мұнда («Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша - ҚазТАГ.) ауқымды жұмыс атқарылды. Даму көкжиегі баршылық. Атқарылған жұмыстардың арқасында анықтамалардың 50 пайызын қолданыстан алып тастауға болатынын түсіндік», - деп мәлімдеді вице-премьер.