Маңғыстау облыcының тұрғындары қалалық әкімдік сайтында үздік эскизге дауыс беруге қатыса алады
Ақтау қаласының әкімдігінде қаланың 55 жылдығына орай логотиптің үш эскизі таңдалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ақтау және Маңғыстау облыcтарының тұрғындары қалалық әкімдік сайтында үздік эскизге дауыс беруге қатыса алады. Ақтаудың 55 жылдығына орай логотип эскиздері мен конкурстық өтінімдерін қабылдау 1-17 ақпан аралығында өтті», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, конкурстық комиссия таңдаған үздік үш эскиз Ақтау әкімдігінің ресми интернет-ресурсында онлайн-дауыс беруге шығарылған.
«8 өтінім түсті. Конкурстық комиссия үш жұмысты іріктеп алып, онлайн-дауыс беруге шығарды», - деп атап өтті Ақтау әкімдігінен.
Бұл ретте Ақтаудың 55 жылдығына арналған ең үздік логотип авторы қаланың мерейтойының құрметіне өткізілетін шаралардың барлығына қатысу құқығына ие болады.