
Үш адам оқиға орнында қаза тапса, екеуі ауруханаға жеткізілді
Ақтау-Бейнеу тас жолында үш адам қаза тапты, деп хабарлады ҚазТАГ агенттік тілшісі.
«Маңғыстау облысы ТЖД ақпары бойынша жол-көлік оқиғасы 18 ақпанда сағат жергілікті уақыт 15.07-де орын алған», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, үш адам оқиға орнында қаза тапса, екеуі ауруханаға жеткізілді.
Алдын-ала ақпар бойынша, жүк көлігі мен пикап соқтығысқан. ЖКО қалған жағдайлары нақтылануда.