Былтыр қала тұрғындарынан 600 млн теңгеден астам қаржы жиналған
Алматыда 2017 жылы көлік иелері ақылы тұрақ үшін 600 млн астам теңге төледі, деп хабарлады «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС бас директоры Марат Пірінбеков. деп жазады ҚазТАГ агеннтігі.
«Барлығын біз қанша қаражат жинағанымыз қызықтырады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша алаңдардағы тұрақтардан 357 млн және шлагбаумы бар жабық тұрақтардан 302 млн теңге жиналды», - деді М. Пірінбеков сейсенбідегі баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, тұрақ үшін төлем төлеуден қашқандар өткен жылы 128 млн теңге төледі.
Бүгінде қалада шамамен 11 мың ақылы тұрақтар жұмыс істейді, оның ішінде 6,5 мыңы – тротуарлық тұрақтар және 4,4 мыңы - алаң үлгісіндегі (шлагбаумы бар) жабық тұрақтар.