Қаз   Рус

Жер – қазақтың қара шаңырағы

729 қаралды
0
Расул ЖҰМАЛЫ
Среда, 07 Фев 2018, 12:00

Қара шаңырақты саудалап-бөлшектеу кешірілмес күнә саналған

Қазақта “Қара Шаңырақ” деген қасиетті ұғым бар. Оның мәнісі – әкеден қалған мирасты жаның шығып кетсе де сақтап, қолдан келгенше кеңейтіп кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдыру. Осылайша буындар алмасқанда көрегенді әулет, даналық жолын ұстанған ұлт алға басып өркендеген. Керісінше Қара шаңырақты саудалап-бөлшектеу кешірілмес күнә саналған. Өйткені бұл дәулетті өмір-бақи маңдай терін төгіп, күресіп жинаған ата-баба алдындағы күнә ғана емес. Бұл ғасырлар бойы сақталып келген халық өміршеңдігінің бірізділігіне жасалған қиянат.

90-жылдардағы алмағайып заманда жеңіл жолмен жақсы өмірге жетуге әуездер сол әкеден қалған мұраны талан-таражға салған: бірі банкке кепілдікке қойды, бірі жалға берді, бірі сатты. Өз есімдегі сондайлардың қатарында оңған біреуі де жоқ. Шетінен жаман әдетке салынып түбі із-түссіз құрыды. Олардың ақылдсыздығы мен ата өсиетін ұмытқаны жақын туыстарына да шексіз қасірет әкелді.

Осының бәрін айтып отырғаным, бүгінгі Ата-Бабадан қалған қасиетті еншіміз – Туған Жерді қалай да сатуға не бөтенге жалға беруге жанталасқан, сол үшін түрлі қитұрқы әрекетке баруға дайын мешкейлер тағы бір сәт ойланса екен деймін. Қорыққаннан қазіргі қоғам үндемей қалатын да шығар. Тек Даңқты Бабаларымыздың аруағы мен Жер-Ана киесінің, келер ұрпақ көз-жасының қарғысы атары анық. Айтпады демеңдер.

Дереккөз: Расул ЖҰМАЛЫНЫҢ Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: dalanews.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.