Қаз   Рус

Неге біз көзі тірі кезінде барымызды бағаламаймыз?

127 қаралды
0
Бибигүл ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ
Среда, 20 Дек 2017, 15:30

Мойындауымыз керек, аты аңызға айналған ағамызды көзі тірісінде кейбіреулер менсінбеді

Жібек” деп соққан қайран жүрек те тоқтады. Қазақ елі Төлегенінен айырылды. 

Оқи отырыңыз
Құман Тастанбеков дүниеден озды

1970 жылы "Қыз Жібек" фильміне түскен Құман ағамыз небәрі 25 жастағы жігіт еді. Талай қыздарды өзіне ғашық еткен актёрдің жұдырықтай жүрегі тек өз Жібегіне ғана дүрсілдеп соқты. Сол жүрек те 17 желтоқсанда тоқтады. Қыстың қыңылтыр аязы қытымыр мінезін көрсеткендей бұл күні қатты суық болды.
Дәл мына кинодағыдай "Қайран қазағым-ау, дүниеден алар бар еншің осы ма ед..." деп күрсініп айтқан сөзі неше күннен бері құлағымнан кетер емес. Осы сөзді өкінішпен айтып кетті ме, кетпеді ме, ол тек Меруерт апамызға ғана аян. 
Мойындауымыз керек, аты аңызға айналған ағамызды көзі тірісінде бағаламадық. Кейбіреулер менсінбеді. Ортаға қоспады. Киноға шақыруды тоқтатты. Ағамыз сол үшін де қапа болып, 2007 жылы "Киноғұмыр" бағдарламасына сұхбат беруден бас тарқаны әлі есімде. "Мазаламаңдар мені...Мені баяғыда ұмытқан",- деді ағамыз қатқыл дауысымен телефон ар жағынан ренжіңкіреп. Жүрегім сол кезде қан жылады. Өкініштері өте көп болды. 
Енді қазір ол кісі туралы барлығы күрсініп жазып жатыр, айтып жатыр... Не пайда?!
Неге біз көзі тірі кезінде барымызды бағаламай, көзі кеткенде "аһ" ұрамыз, айтыңыздаршы?! Неге...неге...?!
Ағажан, жатқан жеріңіз жайлы болсын! Сіздің есіміңіз мәңгілік есте қалады. Сіз - аңыз адамсыз. Сіз - жүз жылда бір рет қана келетін тұлғасыз. Кинода ғана емес, өмірде де "Жібек" деп соққан жүрегіңіз де тоқтады-ау ақыры... 
Мен бүгін Сіздің кинодағы Бекежанға айтқан ақырғы сөзіңізді мына ұрпаққа ескерту ретінде айтқым келеді. Қайран Қазағым-ау, дүниеден алар бар еншің осы ма ед...
Меруерт апамызға сабыр берсін!
P.S: Кеше ғана Астанадан келіп, енді есімді жидым. Смартфонмен жазу мүмкін емес. Алтындай ағамызды суретін қойып, өтірік мүләйімсіп жаза салғым келмеді. Кейінгі ұрпақ ағамызды білмеуі де мүмкін. Сол үшін фильмді көшіріп, монтаждап қиып әдейі алдарыңызға жариялап отырмын. Кеш жазды деп ренжи көрмеңіздер...

Дереккөз: Бибигүл Дәулетбекқызының Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды. 

Фото: kino-teatr.ru

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."