Қаз   Рус

Тасмағамбетов - Ресейде, Тәжін - Ақордада

147 қаралды
0
Ратель
Пятница, 29 Дек 2017, 11:00

Тауық жылының басты кадрлық ауыс-түйістері

Өтіп бара жатқан Тауық жылында еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде бірқатар маңызды тағайындаулар орын алды. Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, Премьер-Министрдің орынбасарлары, облыс әкімдері ауысты. Жаңадан Денсаулық сақтау министрлігі құрылып, оның басшысы тағайындалды. еліміздегі шетелдегі дипломатиялық корпусында да өзгерістер орын алып, Бас прокурор, Жоғарғы сот төрағасы өзгерді.

ҚазАқпарат осы жылдың ішінде жаңа қызметке келген тұлғалар жайындағы деректерді оқырман назарына ұсынады. Айта кетерлігі, жыл басында орын алған кейбір кадрлық өзгерістерге Мемлекет басшысы жан-жақты түсіндіріп берген болатын.

«Кейбір кадрлық ауыс-түйістер орын алды. «Бәйтерек» қорында заң бұзушылық пен қаржылық тәртіп бойынша тергеу жүргізіліп жатқандықтан, оның бұрынғы басшылығы мен Ұлттық экономика министрі қызметтерінен босатылды. Соған байланысты, министрлік басшылығына Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ тағайындалды, өте білімді, дайындығы мықты, шетелде жоғары білім алған, ағылшын тілін игерген. Тимур Сүлейменов Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақта қызмет етті. Меніңше, бұл таңдау жаман таңдау емес. Денсаулық сақтау министрлігінің алдында үлкен міндеттер тұрғандықтан, Әлеуметтік даму министрлігі мен Денсаулық сақтау министрліктерін бөлуді шештік. Министр болып Елжан БІРТАНОВ тағайындалды. Ол да жас, дайындалған, мықты мектептен өткен азамат, Денсаулық сақтау министрлерінің орынбасарлығына екі мәрте тағайындалған. Медицина маманы және менеджер ретінде медициналық сақтандыру қорын құру ісін жақсы қолға алып, халыққа түсіндіру жұмыстарын ойдағыдай өткізеді деген сенімдемін. Бұл әр азаматқа тиімді деп санаймын. Ол министрлікте тәртіп орнатады деген ойдамын», - деді Елбасы.

Президент Марат ТӘЖІННІҢ Астанаға оралуына, ТАСМАҒАМБЕТОВТІҢ Ресейдегі Қазақстан елшілігіне ауысуына қатысты пікір білдірді. «Тағы бір үлкен ауыс-түйіс орын алды, Ресейдегі Қазақстан елшісі қызметінен босатылды. Марат Тәжин Президент аппаратына өтті. Осыған орай, менімен бірге көп жылдар бойы қызмет еткен Иманғали Тасмағамбетовті Қазақстан елшісі етіп тағайындадым. Ол өзі дәл осы қызметке, нақ осы Ресейдегі елшілікті басқаруға сұранды. Меніңше, бұл жақсы шешім, себебі Мәскеу - біздің ең басты серіктесіміз, жақын көршіміз бен одақтасымыз. Ол жерде беделді, Қазақстандағы және Ресейдегі жағдайды білетін адам отыруы тиіс. Мен осының барлығы біздің ісіміздің, еліміздің игілігіне жарайды деп ойлаймын», - деді Мемлекет басшысы.

*** Сонымен ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне Мәскеудегі Қазақ елінің Елшісі болған Марат Тәжин келді. 1960 жылы дүниеге келген Марат Мұханбетқазыұлы бұған дейін де Президент Әкімшілігінде жұмыс істеп, Әкімшілігі басшысының орынбасары - Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы, ҚР Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Сондай-ақ ол ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Сыртқы істер министрі, ҚР Мемлекеттік хатшысы болған.

*** Ал оның орнына Ресей Федерациясынындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалған Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев облысында дүниеге келген. 1991 жылдан - ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы. 1993 жылдан - ҚР Президентінің көмекшісі. 1995 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 1997 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Білім және мәдениет министрі. 1997 жылдан - ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылдан - ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі. 1999 жылдан - Атырау облысының әкімі. 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2002 жылдан - ҚР Премьер-министрі. 2003 жылдан - ҚР Мемлекеттік хатшысы. 2004 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуіріне дейін - Алматы қаласының әкімі. 2008 жылғы сәуір айынан бастап - Астана қаласының әкімі. 2014 жылдың қазанынан ҚР Қорғаныс министрі болды. 2016 жылдан осы тағайындауға дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып қызмет атқарды.

*** Ал 6 жылға жуық «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы болып келген Өмірзақ Шөкеев Үкіметке Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі болып оралды. 1964 жылдың 12 наурызда дүниеге келген ол ҚР Экономика министрі, Экономика және сауда министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, «Банк Тұран-Әлем» ЖАҚ Басқармасының төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, Қостанай облысының әкімі, ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің мүшесі, «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ Бақылау кеңесінің төрағасы, Астана қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2011 жыл 26 желтоқсандағы №1600 қаулысымен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалып, Директорлар кеңесінің құрамына «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы ретінде сайланған. 

Оқи отырыңыз
Қызылордалық әкімдер түнгі клубқа қызметтік көлікпен неге барған

*** Асанов Жақып Қажманұлы ҚР Жоғарғы сотының төрағасы қызметіне келді. Ол 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. ҚР Президенті Әкімшілігінің Заңдылық, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінде консультант, сектор меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысының Салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары, Бас прокурордың аға көмекшісі - Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, кейін осы басқарманың бастығы, одан кейін Бас прокуратураның Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Павлодар облысының прокуроры, ҚР Әділет вице-министрі болып қызмет атқарды. «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің IV және V шақырылымдарының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды. 2012 жылдың 6 қыркүйегінде Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР Бас прокурорының орынбасары, ал 2016 жылғы 25 сәуірде Президент Жарлығымен Бас прокурор лауазымына тағайындалған.

*** Қайрат Пернешұлы Қожамжаров еліміздің Бас прокуроры қызметіне келді. Ол 1965 жылы туған. А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. ҚР прокуратурасының органдарында қызмет еткен. Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары болды. 2008 жылғы желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы қызметін атқарды. Кейін Ақмола облысын басқарды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

*** Қайрат Пернешұлының орнын орынбасары Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев басты. Ол 1957 жылы 4 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген. ҚР Ішкі істер вице-министрі, ҚР Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары, ҚР  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

*** «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК« АҚ басқармасының төрағасы болған Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» АҚ тізгінін. 1950 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген ол Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Ресей қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Бас хатшысы, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Мемлекеттік қаржы салымдар комитетінің төрағасы, ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі, ҚР-ның Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Алматы қаласының әкімі болған.

*** Жыл басында жаңадан құрылған Денсаулық сақтау министрлігіне басшы болып Елжан Амантайұлы Біртанов  келді. Ол Алматы мемлекеттік медицина университетін, Аризона штатының университетін, Ресей дипломнан кейінгі медициналық  білім академиясын, Шарите Университеттік клиникасын (Германия), Тұран университетін, Duke University, Fugua School of Business (АҚШ), Global Executive МВА магистратурасын бітірген. Алматы қаласында жедел медициналық көмек ауруханасының реаниматолог-дәрігері, Республикалық токсикология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, «Ұлттық  медициналық  холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, «Ұлттық  медициналық  холдинг» АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. 2014 жылғы мамырдан бастап - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы басқармасының төрағасы. Министр болып тағайындалғанға дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болды.

Оқи отырыңыз
Қазақстанның жер бетіндегі және жер астындағы мәселесі

*** ҚР Ұлттық экономика министрі болып тағайындалған Тимур Мұратұлы Сүлейменов «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі, Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі)​​ болған. *** Маңғыстау облысының әкімі болып Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы тағайындалды. Ералы Лұқпанұлы 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, ҚР Әділет министрлігі Дін істер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2008 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Өкімімен Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалып, 2017 жылға дейін жұмыс істеді. 

*** Ерлан Қошанов Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Ерлан Жақанұлы ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары - Үкіметтің Парламент Мәжілісіндегі өкілі болды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы қызметін атқарды. *** Мәлік Мырзалин Ақмола облысының әкімі қызметіне келді. Ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары, ҚР Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы, ҚР Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы, ҚР Президенті Іс Басқарушысының орынбасары болған. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.    

*** Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти лауазымына Серікбай Ораз Сатыбалдыұлы сайланды. Ол 1975 жылы  12 сәуірде дүниеге келген. Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. Мысырдағы Әл-Азһар университетінде оқыған. Исламабадтағы Әлемдік университетте білім көтерген. Алматы мешітінің наиб имамы, Ислам институтының ұстазы, Ислам институтының ректоры, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Алматы әкімшілігі діни бөлімінің сектор меңгерушісі, ОҚО Сарыағаш ауданының Бас имамы, Мемлекеттік қызмет агенттігінің аға қызметкері, Астана қаласы Әділет департаменті діни істер бөлімінің бас маманы, ҚР Президенті іс басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысының өкіл имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы және наиб мүфти қызметін атқарды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Фото: azattyq.org, tengrinews.kz, informburo.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.