Судья айыпталушыға ұрлық істеді деген бап бойынша үкім шығарды
Сәрсенбі күні, 14 ақпанда Өскемен қаласының тұрғыны Ерлан ТҮКСІНБАЕВҚА үкім шықты.Ол №2 соттың шешіміне толық келіседі. Және өз істегенін мойнына алды. Саяжайлық азаматты неге істі болды дейсіз ғой. 2017 жылдың желтоқсан айында ол өз үйінен отын іздеп тысқа шығады. Қайтар жолда ауласынан көршінің овчаркасын көреді.
Кейінірек көршісі итін 30 000 теңгеге бағалайды. Ерлан оған сүйек беріп қолға түсірген.
«Таңертең отын алып келе жатып қоңыр түсті итті көріп, сүйек бердім. Сосын оны өлтіріп жеп қойдым.терісін қақпаның маңына лақтырып жібердім. Кінәмді мойындаймын және өкінімен», - деді сотта айыпталушы. .
Саяжайдың күзетшісі овчарканың иесі болып шыққан. Басында ол итті қашып кеткен шығар деп ойлапты. Алайда, араға он күн өткенде бір үйдің маңынан итінің сүйек-саяғын көреді.
«Бір кішкентай тамның қасынан итімнің басын, сүйектері мен терісін көрдім. Әлгі үйге кіріп ішіндегі кісіден мән-жайды сұрап едім. Итті ұрлап алып жеп қойғанын айтты. Шығынды төлемеді»,- деді күзетші сот отырысында.
Қызығы, Ерлан Түксінбаевқа итті өлтіргені үшін емес, ұрлық жасады деген айып тағылды.
Судья Төлеуғали ЖҰМАГЕЛДИН, іспен толық танысып айыпталушыны кінәлі деп тауып, 2 жылға бас бостандығын шектеп және 240 сағаттық қоғамдық жұмыс жасауды бұйырды.