Тәжікістан халқы Эмомали Рахмонның шығармаларын енді радиодан тыңдай алады
Енді тәжіктер ел президенті Эмомали Рахмонның шығармаларын радиодан тыңдайды. Тәжікстан билігі мемлекеттік және жекеменшік радиокомпанияларды осыған міндеттеді, деп жазады sputnik.kz.
Тәжікстанның телевизия және радиохабар тарату комитеті «бұл әр азаматтың сана-сезімі мен отансүйгіштік сезімін көтереді» деген пікірде. Президенттің туындыларын радиодан таратудан бас тартқан радиокомпания лицензиясынан айырылмақ
«Точикистон» мемлекеттік радиосының директоры Фарруха Зиееваның айтуынша, радиостанция екі кітапты жазып үлгерген: «Тәжіктер – тарих айнасында» және «Ұлттың тілі – ұлттың болмысы».
«Озоди радиосының» ақпаратынша, Эмомали Рахмон 20-дан аса кітап жазған. 2016 жылдың қарашасында Гиссаре қаласында «Тәжіктер – тарих айнасында» кітабына салмағы бір тонна ескерткіш орнатылды. Кітап 2002 жылы жарық көрген, орыс, ағылшын, неміс, араб, қытай, парсы және француз тілдерінде басылып шықты.
Фото: rferl.org