Өзгерістер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалып жатыр
Павлодар іргесіндегі елді мекендерде 69 көшенің аты ауысады.
Кенжекөл ауылында 15 көшенің аты өзгереді. Дружбаның аты Астана болса, Коституция алаңы Ата заң алаңы болмақ. Байдалы мен Долгое елді мекендерінде 5 көше ауысады. Ленинский ауылында 33 көше жаңа атауға ие болады. Мәселен: Павлодарская – Сарыарқа, Тракторная - Болашақ, Крылова – Алтын сақа, Автомобилисттер – Жібек жолы, Западная – Тараз.
Жетекші мен Мойылдыда 16 көшеге жаңа ат беріледі.
Жергіліктің биліктің айтуынша, жаппай көше атын алмастыру тұрғындардың бастамасымен басталған. Бұл жұмысқа қанша қаража жұмсалатыны белгісіз. Әрбір елді мекен өз шығындарын есептеп шығару керек.
Естеріңізге сала кетейік, қараша айында Павлодарда Ленин көшесі Астана болып өзгерген еді.
Фото: qazaquni.kz