Қаз   Рус

«Өнер адамы қарны тоқ кезде ғана жақсы шығарма тудыра алады»

226 қаралды
0
Динар ҚАМИЛҚЫЗЫ
Воскресенье, 17 Дек 2017, 16:00

Айжан Нұрмағамбетова сахнада өз стилімен ерекшеленген әнші

- Айжан ханым, жуырда мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы таланттар қарны аш кезде ғана тұщымды дүне тудырады дегенді айтты. Осыған не айтасыз?

- Әртістер жетіскеннен той аралап жүр дейсіз бе?! Шығармашылық адамы қарны тоқ кезде ғана жақсы шығарма тудыра алады. Әйтпесе бала-шағасының қарны ашып шырылдап отырғанда, суретші мен ақын қолына қалам алады дегенге сенбеймін. Ашқұрсақ жүректен қандай тұщымды дүние шығар дейсіз? Мың кедейдің ішінен бір ғана тума талант шығуы мүмкін. Мысалы, кезінде үй-күйсіз жоқшылықтың зардабын тартқан Мұқағали атамыз қандай керемет өлең жолдарын шығарып кетті. Бірақ ондай талантты адамдар мың жылда бір рет қана туылады. Бәріміз жаппай аш жүрсек күйіміз не болмақ?

- Осы Мұқағали атамыздың «Мен деп ойла», «Бақыт деген...» сынды әндері арқылы танылдыңыз ғой. Ал қазіргі таңда сізге «хит» ән жазып беретін автор жоқ па?

- Маған арнап ән жазып әкелетін ақын-сазгерлер жетеді. Ұнағанын жаздырып, айтып та жүрмін. Құдайға шүкір, репертуарымнан кез келген тақырыпқа арналған ән таба аласыз. Сапалы ән жаздыру үшін қыруар қаражат керек. Бірақ «хит» қуамын деп, арзан әнннің жетегінде кеткім келмейді. Барлығы тыңдарманның талғамына байланысты. Алайда, жеңіл әндердің өміршеңдігі болмайтыны ақиқат.

- Жақында осы Алматы қаласында өткен «Жыл таңдауы» ұлттық музыкалық байқауына қатыстыңыз ба?

- Қатыспадым. Өйткені ұйымдастырушылар тарапынан шақырту болған жоқ. Ал өз басым шақырмаған жерге бармаймын, шақырған жерден мүмкіндігімше қалмаймын...

Оқи отырыңыз
Біреуді сынағанша, өз отбасыңызға жауапты болыңыз!

- Осы байқауға Леди ГАГА стилінде киініп келген өнердегі сіңліңіз Кәмшат ЖОЛДЫБАЕВА жайлы естіген боларсыз. Алайда әріптесіңіз Мақпал ЖҮНІСОВА әлеуметтік желіде Кәмшаттың киім үлгісін сіздің жас кезіңіздегі образыңызға ұқсайтынын айтып қалды. Ал өзіңіз кезінде кімге еліктеп бақтыңыз?

- Мен ешкімге еліктеген жоқпын. Алайда, шаш қойысыма қарап көпшілік шетелдік әншілерге көп ұқсатады. Кезінде біреулер- Ирина Понаровская десе, ендібіреулер- Лайма ВАЙКУЛЕ, қала берді Ирина АЛЛЕГРОВАҒА теңеді. Қысқа юбка киіп шыққанда Маша РАСПУТИНА қылып жіберді. Сондықтан мені кіммен салыстырса да құлағым үйреніп алды. Ал, Кәмшаттың тұрғысынан айтар болсам, мен ешқашан қызыл парик киген емеспін. Бірақ кімге ұқсап киінсе де, Кәмшаттың бұл жолғы образы өзіне жарасымды шықты. Біздің кезімізде белгілі бір арнадан шығуға болмайтын еді. Мәселен, өте қысқа көйлек пен көкіректі көрсетуге тыйым салынатын. Ал, қазір әркім өз қалауынша заманауи стильде киіне беретін болды. Өзіне жарасып тұрса, неге киінбеске?

- Яғни, қазіргі жастардың сахна мәдениетіне көңіліңіз толады ғой?

- Шетелдік әншілер ерекшелену үшін ойына келгендерін істеп жатыр ғой. Мәселен, анау айтып өткен Леди Гагаңыз атын шығару мақсатында сыйыр етін денесіне жапсырып шыққан жоқ па? Одан қалса тыржалаңаш тәндерін көрсетіп әлек болады. Мұндай қылықтар біздің менталитетімізге жат. Шығыстың қыздары екенімізді ұмытпауымыз керек. Жастар осыны жадынан шығармаса екен деймін.

Оқи отырыңыз
Қайрат Нұртас «Жұлдызды жекпе-жекте» жеңіске қалай жетті

- Отбасында қандай әжесіз?

- Екі немерем бар, құдайға шүкір. Бірақ мен нашар әжемін. Себебі, үнемі әнсапарда жүретін болғандықтан, оларға көңіл бөле алмаймын. Осы себепті екі немеремнің тәрбиесін келінім мен ұлым өзі келістіріп отыр.

- Сіздің осы сахнадағы келісті келбетіңізге қарап, Айжан бір байшыкештің бәйбішесі дейтіндер бар көрінеді. Отағасы жайлы неге көп тіс жара бермейсіз?

- Мен жолдасымды халықтан жасыруға тырыспаймын. Бай да емес, бағлан да емес, қазақтың қарапайым ер азаматы. Тыңдарманға көрсетіңіз деп телеарналарға бірге шақырып жатады, бірақ өзі бармайды. Негізі өнеріме бағыт-бағдар беріп отыратын ең жақын жанашырым - сол кісі. Керек кезде қажетті жеріме өзі жеткізіп салады. Өйткені мен көлік жүргізуден жүрексінемін.

Оқи отырыңыз
Министрдің өзін аш ұстау керек!

- Өнердегі ең жақын құрбыңыз кім?

- Құрбыларым өте көп. Өнерде де, жеке өмірде де араласатын қыздар жетеді. Бірақ соларға қосылып алып, кафелетіп қыдырмаймын. Шақырған той-томалақтың өзіне сирек барамын. Неге екенін, қолым қалт еткенде өз үйім, өлең төсегімде демалғанды жақсы көремін.

- Той демекші, той-томалақта да көп өнер көрсетпейтін көрінесіз. Сахнаны саудаға алмастырғыңыз келмей ме?

- Неге десеңіз, менің репертуарымда тойға арналған әндер жоқ. Ішінара шақырғандар болса, барып, сұраған әнін орындап беремін. Әйтпесе, тойға арнап ән жазғызып, оны бизнестің көзіне айналдырғым келмейді. Қыз ұзатуға арналған ән жаздыруымды өтінген продюсерлер болды. Қазір екінің бірі осыны кәсіп көзіне айналдырып алды ғой. Егер ата дәстүрімізге лайықтап әдемі ән жазып беретін автор болса, орындап шығар едім. Бірақ өз тарапымнан ешқандай ақын-сазгерге тапсырыс жасап көрмеппін.

- Ұзақ жылдан бері «Қазақконцертте» қызмет етіп келесіз. Осы өнер ұжымының гастрольдік сапарларында да саптан қалмай жүресіз. Шаршаған жоқсыз ба?

- «Қазақконцертте» қызмет етіп келе жатқаныма бұйырса жиырма жыл толады. Оның алдында он екі жыл қатарынан «Гүлдер» ансамбілінде жұмыс істедім. Егер әншілікті жан-тәніммен қалап келсем, одан неге шаршайын...

- Олай болса, айта отырыңызшы қазіргі «Қазақконцерттің» жай-күйі қалай? Көйлектеріңізді тіктіріп, әндеріңізді жаздырып беруге шамасы жете ме?

- Қазір жағдай бұрынғыдан көп өзгерді ғой. Фонограмма, аранжировка, киім тіктірту өз мойнымызда. Тікелей Астанаға қараймыз. Алматыда отырған біз филиал болып қалдық. Жуырда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы облысын аралап, тегін концерт беріп қайттық. Жылына екі рет үлкен гастрольдік сапарға шығып, облыс орталықтарын, аудандарды аралап қайтамыз.

Оқи отырыңыз
Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Өнер адамы аш болғанда шығармашылық табысқа жетеді»

- Қала әкімдігіне Бауыржан Байбек мырза келгелі «Қазақконцертке» қандайда бір қолдау көрсетілді ме?

- Өз басым әкімшіліктің табалдырығын аттап көрмеппін. Ұжымға қатысты жұмыстардың барлығын басшымыз Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ ағамыз бітіреді. Бұл сауал сол кісіге тиесілі сияқты.

- Қарттықтың қамын ойластырып жүрген жоқсыз ба? Өмір бойы «Қазақконцертте» ән салып жүрмесіңіз анық қой. Қазіргі зейнетақы мөлшері де жұмырға жұғымсыз дегендей...

- Қазір өнердегілердің көбісі арнайы мектеп, не болмаса студия ашып дегендей, түрлі кәсіппен айналысып жүр ғой. Ал менің қолымнан бизнес деген «пәле» келмейді екен. Ондай дүниені ашқан соң, тынбай жүгіруіңе тура келеді. Сосын мен есеп дегенге жоқпын. Өнер академиясынан «Эстрада –өнері» мамандығы бойынша магистратураны оқып бітірдім. Дипломы қолымда. Бұйырса мұғалім болып қызмет етуге мүмкіндігім бар. Қартайғанда мені кім бағады деп жанұшырып жүгіргім келмейді. Қара шалым аман болсын дейін! (рахаттана күліп алды)

- Білуімше сіздің бірінші алған біліміңіз журналист еді. Әнші болмағанда сізден жақсы журналист шығар ма еді?

- Әрине мен ҚазҰу-дың журналистика факультетінің теле-радио бөлімін оқып бітірдім. Бірақ жаным қалап, шығармашылықтан өнерге кеттім. Өзімді мамандығым бойынша сынап бағу мақсатында «Алматы» арнасындағы «Әйел бақыты» бағдарламасын жүргізіп көрдім. Алған білімім студияда өзімді еркін ұстауыма айтарлықтай септігін тигізді. Алайда аталмыш бағдарлама жарты жыл эфирге шыққан соң, қайтып жабылды. Болашақта телеарналар тарапынан тағы да ұсыныс түсіп жатса, қабылдауға даярмын. Әйтсе де арзан шоулардан көрі, салмағы басым бағдарламаның басы-қасында жұмыс істегім келеді. Себебі, шоу жасаймыз деп қанша жерден Ресейге еліктеп бақсақ та, ол біздің табиғатымызға жат. Осыны рейтингтің соңына түскен телешенеуніктер ұғынса деймін.

Оқи отырыңыз
Елбасы рөлін сомдаған Нұрлан Әлімжан кіммен көңіл жарастырып жүр

- Жеке концерт бере алмай жүргеніңізге де тағы сол қаражат қолбайлау болып тұр ма?

- Әлбетте солай. Себебі бір концерт өткізетін қаражатқа қаланың қақ ортасынан бір пәтер сатып алуға болады. Кезінде «Валют Транзит Банкі» көп әншілердің клиптерін түсіріп, концерттерін өткізіп беріп еді. Қазір қыруар қаржының астында отырған банктерден ондай қайыр жоқ. Болат НАЗАРБАЕВ ағамыз бен Дәулет ТҰРЛЫХАНОВ сынды азаматтарға алғысымыз шексіз. Үкіметтен көрі өнерге сол кісілердің пайдасы көп тиіп жатыр. Көрген жерде жағдайымызды сұрап, қол ұшын беріп жатады.

Айтпақшы, күні кеше Тәуелсіздікке орай көптеген әріптестеріңіз мемлекеттік марапатқа ие болды...

- Айта берсек көңілде кірбің көп қой. Мәселен, Алтынбек ағам сахнадағы қырық жылғы еңбегімді ескеріп, жыл сайын құжаттарымды «Құрмет» орденіне тапсырады. Бірақ, неге екенін министрліктен өтпей қала беремін. Кімге ұнамай жүргенімді? Той-томалақта өнер көрсетіп жүріп-ақ, талай атақты қанжығасына байлап жүргендер бар. Негізі атақты алу үшін де біраз табалдырықты тоздыруың керек екен. Ал, менің алақан жайып біреудің алдына баруға намысым жібермейді. Мысалы, мынау тұрған Ресейден бастап, Қырғызстан, Өзбекстанның өзінде «әртіс» атағы орнында қалды. Ал бізде бәрі жаппай «қайраткер» атанып кетті...

Фото: tenrginews.kz, eventbook.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.