Қаз   Рус

Миллиардтар ойыны

1015 қаралды
0
Сапа МЕКЕБАЕВ
Вторник, 23 Янв 2018, 13:15

Үкімет Ораз Жандосовты неге сотқа бермеді

Осыдан бес жылдай бұрын вице-премьер, Ұлттық банк басшылығынан кеткен  экономист Ораз ЖАНДОСОВ: «Біздің үкімет мүшелерінің жартысы миллиардерлер» деп еді. 

Бай-бағландардың  дені үкіметте ғана жайғасқаны  үш жүздің барлық өкілдерінің намысына тиді. Сондай-ақ, экс-банкирдің сөзін бұрысқа шығарған ешкім болмады. Билік басындағылардың қалталы болуына күдіктене қарайтын уақыт келмеске кеткелі қашан. Қазір әмияны қалыңдаған адам адал боп көрінеді. Көптеген мемлекеттік құрылымдар «адал» адамдар мен «адамгершіліктің» ордасына айналды.

Оқи отырыңыз
Шүкеев жүрген жерде шөп шыға ма?

2016 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық банктың директорлар кеңесі мен басқармасына сыйақы ретінде 597 миллион 337 мың теңге төленген (1миллион 792 мың 244 АҚШ доллары). Бұл қаражатқа олардың жалақысы және қажырлы еңбектері үшін берілген қосымша сыйақылары да кірген.

Қазір елдегі қаржылық жағдайға орай еркінсуге болмас. Алайда, Ұлттық банктың бүгінгі басшысы Данияр АҚЫШЕВ бұрыңғы бас банкирлермен салыстырғанда тақуа жан екен. Өзін қатал әрі адал басшы ретінде көрсетуге құмар Григорий МАРЧЕНКОНЫҢ кезінде жылдық сыйақы мөлшері 5 миллион долларда асып жығылатын.

Мүмкін, Ұлттық банк басқарушыларының айлық табысының  8 мың доллар болуы кейбіреулер үшін қомақты сома емес шығар. Бірақ, бұл жерде ақшаны қалай есептеп, кіммен салыстыру  жағы маңызды. Әрине,  2016 жылы әрбір басқарма мүшелері орташа есеппен  1,3-ден 2 миллион долларға дейін сыйақы алған  Казкоммен салыстыруға келмейді. Айтпақшы, артынша Казком 1 теңгеге сатылып кете барған-ды. Әйтеуір не керек банктің басқарушы құрамы өздеріне 1,6 миллиард теңге несиені рәсімдеп үлгерді.  

Үш жыл бұрын ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің сол кездегі басшысы Мұрат ОСПАНОВ сотқа тартылды. Оспановтың айтуынша, ол пара емес, өз танысынан қарызға 300 мың доллар алған екен. Сол кездегі есеп бойынша 300 мың долларыңыз 54 миллион теңге еді. Сот үкімет мүшесіне  1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге айыппұл салды. Бұндай қыруар қаражатты қайдан табамын деп үрей құшқан шендіні көрмедік. Керісінше істің осылай аяқталғанына бек қуанғаны байқалды. Бұндай айыппұлды төлеуге агенттік басшысының айлығы жетпейтіні түсінікті еді. Ерен еңбегіне берілетін қосымша сыйақы да қарастырылмаған болу керек.  Бірақ мемлекеттік қызметкер бұндай қаржыны қайдан алады деген сұрақ ешкімді мазаламады. Және бұл айыппұлдың төленгені жайлы ақпарат болған жоқ.

Астанада бұрыңғы Ұлттық экономика министрі Қуандық БИШІМБАЕВТЫҢ соты жүріп жатыр. Оған 346 миллион теңге көлемінде пара алып, бюджеттен 1,2 миллиард қаржыны жымқырған деген айып тағылып отыр. Экс-министр қала сыртындағы үйінің құрылысына жұмсалған қаражаттың ұрлық ақша еместігін айтты. Соңғы 7 жылдың ішінде оның банктегі есепшотына 273 миллион 638 мың 328 теңге түскен. Ескі курс бойынша 2 миллион долларды құрайды. Соңғы жеті жылда ол мемлекеттік қызметте болды. Бұндай сомадағы ақшаны табатындай жағдайда болмады. Әрине, кейбіреулердің ойынша, қазақ шенеуніктері пара я болмаса жақсы жұмыстары үшін берілетін қосымша сыйақы есебінен  дәулетті бола алады. Ақша табудың бұл екі жолының  қайсысы «Нұр Отанның» партиялық ұстанымы бойынша  кісәпірлікке жататынын үнемі бағамдау мүмкін емес.

Оқи отырыңыз
Игры миллиардов

2016 жылы «Самрұқ-Қазына» қорының басқарушы құрамына сыйақы есебінде 7 миллиард 182 миллион теңге төленді. Директорлар кеңесінің мүшелері 90 миллион теңгеге қалталарын қампитқан. 2016 жыл топ-менеджерлер үшін табысты болғанымен ұлттық әл-ауқат қоры үшін оңай болмады. Көптеген миллиардтаған шығынға батты. Бір ғана активтердің құнсыздануынан шығын мөлшері 70 миллиард теңгеге жетті.

Біздің бұл есебімізді сол кездегі қор басшысы, қазіргі ауылшаруашылық министрі және премьер орынбасары Өмірзақ ШҮКЕЕВ  жеке басына шүйлігу деп қабылдады. «Өркениетті қоғамда менеджерлердің қосымша сыйақысын көпшіліктің алдында талқылауға болмайды» деген әуж айтты.  Әрине, егер де Шүкеев мол қаржыны қарша өз жеке кәсібі арқылы күресе онда ешкімнің де шаруасы болмаушы еді. Алайда, «Самұрық-Қазынаның» жалғыз ғана акционері ҚР-ның үкіметі емес пе?!  

Шүкеевтың ауылшаруашылық министрілігне кенеттен орынтақ ауыстыруы ол жерде бөлінбеген қосымша сыйақылардың барын білдіруі мүмкін. Асылы, бұндай адамдарды тәуменді. Мемлекеттегі әлеуметтік жағдайдың өркендеуінің өлшемі негізінде тұрған тұлғаның бірі Шүкеев. 

Былайша айтқанда егер Өмірзақ Естайұлы бір айда бір келі қара икра жесе, ал Шаян ауылында тұратын жерлесі  30 бөлке нан жесе, әр қайсы жарты келі уылдырық пен 15 бөлке наннан жеген болып тұр. Осы есеп бойынша елде ақуыз бен көмірсуларды тұтынып, дұрыс тамақтану жолға қойылғандай.

Жұрттың бәрін шошытқан елдегі 160 мың теңгеден тұратын  орташа еңбекақы мөлшерін министр Тамара ДҮЙСЕНОВА (Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрі) қайдан шығарды? 

Басшылық құрамның орташа сыйақысы мен қатардағы азаматтың күнкөріс деңгейінің мөлшерін есептей келе, әлемдегі алдынғы қатарлы державалар қатарына кіруге дайындалып жатқан мемлекеттің экономикалық өркендеу көрінісі пайда бола бастайды.

Айтпақшы, экономист Ораз Жандосовтың жоғарыдай келтірген сөзін жоққа шығарған ешкім болмады. Қазақстан үкіметінің жартысы миллиардерлерден тұрады деген үшін оны ешкім сотқа да тартпады. Бәлкім, үкімет мүшелері іштей бұл сөз маған емен, анау әріптесіме айтылды деп пайымдап, экс-банкирдың «жаласы» жауапқа тартылмай қалған болу керек.    

Абай болыңыздар!

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.