Тосын жағдай Қытайдың Фуджоу қаласында орын алған
Фуджоуда Димаш Құдайберген өзінің әлемдік турне аясында болған. Сол концерттен әнші Instagram парақшасында видеожазба жариялады. Әншіні көруге келген көрермендердің көбісі өздерін ұстай алмай, қауіпсіздік қызметкерлер әрекетіне қарамастан, сахнаға ұмтылған.
"Мен жанкүйерлерімнің фанатымын”, – деп жазған Димаш сахнадан секіріп, көрермендерге қарай бармақ болған.
Айғай-шуға ұласқан концерт немен аяқталғаны белгісіз. Алайда бірнеше сағаттан кейін әншінің парақшасында жазбаға қарағанда Димаш аман-есен елге оралған.
«Мен Қазақстанға келдім. Аз-маз демалысымды ата-анамның қасында және студияда өткіземін. Турнеде көріскенше құрметтілерім», – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген алғашқы әлемдік турнесін Қытайдан бастады.
Фото: baribar.kz