Қаз   Рус

Белгілі ғалым үйсіздерге арналған орталықта тұрып жатыр

217 қаралды
0
Ратель
Четверг, 04 Янв 2018, 13:00

Қария келінімен ұрсысып қалғаннан кейін үйден кетіп қалған

72 жастағы физик ғалым, көптеген ғылыми жұмыстардың авторы Сапарбай АРЫНОВ Алматыда үйсіздерге арналған орталықта тұрып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Ғалымның айтуынша, ол орталыққа кездейсоқ тап болған, ендігі қалған өмірін кітап жазуға арнауға бел буыпты.

Жоқ, бұл кездейсоқтық. Мен мұндай мекеме барын мүлде білмеппін. Бірақ маған бұл туралы айтқан кезде, ойландым. Қыста адамға жататын орын керек, әрине, қазір мен үшін бұл – тыныштық", —дейді Сапарбай Арынов. 

Оқи отырыңыз
Облыстан бастығымыз келіп

Бұған дейін қария ұлымен бірге Есік кентінде тұрған. Алайда бір күні келінімен сөзге келіп, үйден кетіп қалыпты. Сөйтіп Алматыға жол тартқан, вокзалда бұзақылар оны тонап, ұрып кеткен. Ауруханадан шыққаннан кейін бейімделу орталығына келген. Егде жастағы ер адам төрт немересіне жиі барып тұрады. Зейнетақысына немерелеріне Жаңа жылға сыйлық алған.

"Немеренің орны бөлек. Әрине, олар басқа буын, олармен уақыт өткізу қызықты. Мен балаларды қатты жақсы көремін. Балалардың жаны таза, жүрегі пәк. Олармен сөйлесіп, әңгімелескеннен кейін жаның жадырап қалады", — дейді ғалым. 

Ғалымның әйелімен ажырасқанына көп болған, жалғыз қызы анасымен бірге қалыпты. Сапарбай Арынов – ресейлік баспа жариялаған 60 ғылыми жұмыстың авторы. Соңынан ерген ізбасарлары докторлық диссертация қорғап жатыр. Қазір қарияның арманы – қазақ тілінде физика туралы кітапты жазып бітіру. Сондай-ақ ол жоғары оқу орнында оқытушы болып жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Қазір орталықта тұрғылықты мекенжайы жоқ 185 адам тұрады. Оның 29-ы әйелдер. Қыста баспанаға мұқтаж жандар саны көбейеді, бірақ, өкінішке қарай орын тапшы. Үйсіздерге арналған орталықта Сапарбай Арынов ең көп дегенде бір жыл қала алады. 

"Біз оның балалары мен туысқандарының қайда тұратынын білеміз. Ол да біледі. Білуімізше, ол ұлына барып келген. Бірақ баласы үйде болмапты. Ол алыс жолға шығатын жүргізуші болып істейді. Қызымен де хабарласып тұрады. Әдетте біз туысқандары бар адамдарды орталыққа қабылдамаймыз. Бірақ қыс келіп қалғасын, Сапарбай Арыновқа рұқсат еттік. Ол ғалым, физик, математик. Әрі қарай не істейтінімізді шешеміз енді", — дейді Алматы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік бейімделу орталығы директорының м.а. Қазыбек Жылқыбеков. 

Орталықтағылар Арыновты қариялар үйіне жібергісі келеді, бірақ ол үшін балалардан жазбаша бас тарту хаты керек екен.

Дереккөз: Sputniknews.kz
Фото: stan.kz
 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."