Қаз   Рус

Қазақстанды 2018 жылы қандай оқиғалар күтіп тұр

127 қаралды
0
Ратель
Среда, 03 Янв 2018, 17:15

Ит жылы тосын сыйға, жағымды жаңалықтар мен жаңа міндеттерге толы болмақ

Ит жылы әлем халқын қандай маңызды оқиғалар күтіп тұр? Sputnik Қазақстан әлем және Қазақстан үшін маңызды оқиғаларды оқырман назарына ұсынады. 

Оқи отырыңыз
«Бәрі жақсы болады», депті Елбасы Ерке Есмаханға

Әлемдік саясат

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етеді. Кеңестің тұрақты емес мүшелері бұл қызметке кезекпен кіріседі. Төрағалықтың негізгі мәселесі Орталқ Азия мен Ауғанстан бойынша ҚК құжатын (қарарлар, төрағаның мәлімдемесі) қабылдау болмақ. 

Сириядағы ахуал биыл да әлем халқының басты назарында болады. 2017 жылдың соңында Ресей президенті Владимир Путин сәтті жүргізілген операциядан кейін Сириядан ресейлік әскерилердің шығарылғаны туралы мәлімдеген еді. Сирия президенті Башар Асадтың болашағы, деэскалация аймақтары, шиеленістің жаңа ошақтары – осы және өзге де сұрақтардың жауабы 2018 жылы белгілі болуы мүмкін. 

Астанада Орталық Азия елдері басшыларының саммиті өтуі ықтимал. Өңірлік мемлекеттердің басшылары мұндай форматта көптен бас қоспады. Алайда СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов ұсынған жаңа кездесудің өтетіні-өтпейтіні әзірге белгісіз. 

Астананың мерейтойы

иыл елорданың 20 жылдық мерейтойы кең ауқымда аталып өтетіні анық. Мерекені ұйымдастыру үшін арнайы комиссия құрылды. Оған президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков жетекшілік етеді. 

Тұжырымдамаға сәйкес, мерейтой үш кезең бойынша аталып өтпек: дайындық – 2017 жылдың 10 желтоқсанына дейін, негізгі – 2017 жылдың 10 желтоқсанынан 2018 жылдың 6 шілдесіне дейін, мерекеден кейін – 2018 жылдың 6 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін. 

Президент сайлауы

Ресейде 18 наурызда президент сайлауы өтеді. Не дегенмен, Қазақстан үшін көрші мемлекетті кім басқаратыны маңызды екені айқын. Себебі қос елді байланыстыратын ортақ дүние жетерлік. Бәрінен бұрын, сайлаушыларға президент тағына таласатын Ксения Собчактың қанша дауыс жинайтыны қызықты болатын сияқты. 

Сондай-ақ, 2018 жылы Финляндия мен Грузияда да президент сайлауы өтеді. Айта кетсек, биыл Грузияда мемлекет басшысы соңғы рет жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайланады. 2024 жылдан бастап президентті 300 өкілден құралған сайлаушылар алқасы сайлайды. 

Сәуір айында миллиондаған тұрғынның назары Бостандық аралына ауады. Кубалық революционер әрі Фидель Кастроның інісі Рауль Кастро 2017 жылдың соңында мемлекет басшысы тағын босататынын мәлімдеген еді.

Бұған қоса, ит жылы Молдова мен Ливанда парламент сайлауы өтеді. 

Оқи отырыңыз
Дос Көшім: Келесі жылы қазақ мәселесі күшейеді

Спорт 

Спорт жарыстары әр жыл сайын үзілмейтін дәстүрлі шара десек те болады. Биыл, әсіресе, екі дүбірлі дода ел назарына ілініп отыр: Қысқы Олимпиада ойындары мен футболдан Әлем чемпионаты.

Қысқы Олимпиада 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтеді. Ал футболдан әлем чемпионаты Ресейдің 11 қаласында 12 стадионда өтеді деп жоспарланған.  

Сонымен қатар, биыл жазғы Азия ойындары да жалауын желбіретеді. Байрақты бәсеке Индонезия астанасы Джакарта мен Палембанг қаласында өтпек. 

Мәдениет

Мәдениет саласының басты оқиғасы – халықаралық "Еуровидение" байқауы. Конкурс 8-12 мамыр аралығында Португалия астанасы Лиссабонда өтеді. 

Алайда қазақстандықтар үшін биыл "Балалар Еуровидениесі" қызықты болмақ. Себебі музыка байқауында алғаш рет кішкентай отандасымыз Данэлия Төлешова бақ сынайды. Украиналық "Балалар дауысы" шоуының жеңімпазы Тбилисиге барады. Конкурстың финалы 26 қарашаға жоспарланған.


Фото: bnews.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."