Атышулы бағдарламаны әнші Зарина Омарова жүргізіп жүр
«Қалаулым» бағдарламасында - жаңа жүргізуші. Аша МАТАЙДЫҢ орнына Зарина ОМАРОВА тізгінді ұстады. Әнші тікелей эфирде 3 сағаттық бағдарламаны жүргізу қиындығы туралы өзінің желідегі парақшасында жазды.
“Тікелей эфир түгілі, мерекелік концерттердің тізгінін ұстап көрмеген маған, осындай тосынсый жасаған ұйымдастырушылардың сенімін ақтай алар ма екенмін деп, өзім де уайымдағанымды жасырмаймын. Сіздер бәрін сезетін, көздеріңіз ашық жандар болғаннан кейін, байқамауларыңыз мүмкін емес әрине. Сын айтқан жандарға да, түсініп, демеу білдірген жандарға да алғысым шексіз. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Және сын адамды жігерлендіреді. Сондықтан жақсы болсын, жаман болсын әрқайсыларыңыздың жазған пікірлеріңіз, маған болашаққа қамшы”, – деді Зарина өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.
Ал, Аша Матай Мысыр елінде жүр деседі. Демалыстан кейін ол бағдарламаға орала ма, жоқ па белгісіз. Біз Ашамен хабарласып көрдік, алайда телефоны байланыс аясынан тыс жерде болып шықты.
Фото: Instagram.com.