Қаз   Рус

Қарағандыда екі ірі жол апатында алты адам көз жұмды

1295 қаралды
0
Айман САҒАТАЙ
Пятница, 16 Фев 2018, 09:00

Сегіз адам дәрігерлердің көмегіне жүгініп, алты адам жан тапсырды

Шет ауданы жолында екі жеңіл көлік қақтығысып, салдарынан екі жүргізуші де көз жұмды. Мазда көлігі Жаңаарқа ауданынан шыққан такси болған. Оның ішінде үш ересек адам мен үш жасар қыз болған. Жүргізушісі оқиға орнында тілге келместен көз жұмды.

Ал, жүкті келіншек пен оның баласы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Өкінішке орай, әйел құрсақтағы баласынан көз жазып қалды. Ал, үш жастағы қыз дәрігерлердің айтуынша жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

«Екі ірі көлік апаты 14 ақпан күні кешке орын алған. Бес адам және бала ауруханаға жеткізілді. Әр қайсысы түрлі жарақат алған. Біреулерінің жамбастары сынса, екіншілерінің бас сүйектері зақымданған. Барлығына алдын ала ота жасалады. Үш жасар қыз баланың жағдайы ауыр, бас сүйегі зақымданып, маңдайында жарық бар, онымен қоса жамбастары сынған. Есін білгенімен, қатты күйзеліске түскен», деді дәрігер-травматолог Видади ДЖАМАЛЕДДИНОВ қандай да басқа болжам айтудан бас тартты.

Ал, қарама қарсы қақтығысқан «Приора» көлігінің жүргізушісі апат кезінде тірі болған. Куәгерлердің айтуынша, ол «Газель» көлігін, айналып өтпекші болып, қарама қарсы бағытқа шыққан. Ұшқын қардың салдарынан қарама қарсы келе жатқан көлікті көрмей қалған.

Екінші апат Шет ауданы тас жолында болған. Онда да екі жеңіл көлік қақтығысып, джип көлігі жолдан шығып кеткен. Төрт адамның өмірі қиылған апатта тергеу жұмыстары басталды. Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан ҚҰДИЯРОВТЫҢ мәліметінше, екі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Қарағанды облысы аумағында болған ірі көлік оқиғалары салдарынан алты адам қаза тапты. Сегізі ауруханалараға түрлі жарақаттармен жеткізілген. Қазір ҚР қылмыстық кодексінің 345 бабы, 4 тармағы бойынша сотқа дейінгі қылмыстық тергеу басталып, сараптама тағайындалды», деді ол.

 

Бұл айда облыста осымен үшінші ірі көлік апаты орын алып отыр. Өткен аптада Бұқар Жырау ауданында қақтығыс салдарынан «Мерседес» көлігінің жүргізушісі көз жұмған болатын.

Фото автордікі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."