Баян Есентаева 1,5 жыл бұрын көңіл қосқан сүйіктісімен қосылып Алагөзова болды
Баян ЕСЕНТАЕВАНЫҢ заңды күйеуі Тұрсынғали АЛАГӨЗОВ оқырмандарымен әзілдеп қуанышымен бөлісті.
«Үйленуге тура келді» - деп жазды Алагөзөв қуанышты жаңалығын. Ол Алматыда 7 желтоқсан күні алған неке күәлігін Инстаграм парақшасына салып жұртқа көрсетті. Бұдан бұрын танымал продюсер Баян МАҚСАТҚЫЗЫ неке қию рәсімінен суреттер бөлісіп, Алагөзовтің тегіне өткенін жазған.
48 жастағы Тұрсын Алагөзов пен 43 жастағы Баян Мақсатқызының да бұл бірінші некелері емес. Бұған дейін бұл жұп үйленулеріне Алагөзовтың бұрыңғы әйелі кедергі болып тұрғанын жазған еді.
Тамыз айында Тұрсынғали Алагөзов Ляйсира АЛАГӨЗОВАМЕН ажырасты.
Продюсердің бірінші күйеуі Бақытбек ЕСЕНТАЕВ өткен жылдың қараша айында Мақсатқызына күш көрсетіп, пышақ жарақатын салғаны үшін 9 жылға қамауға алынды.Баян осы оқиғадан кейін ажырасып, қыз күніндегі тегін қайта алған еді. Ол соттан күйеуін бас бостандығынан айырмауды сұраған еді. Құзырлы орган оның жасаған қылмысын аса ауыр деп тауып 9 жылға қамауға алды.
Дереккөз: Stan.kz
Фото: Баян Мақсатқызы мен Тұрсынғали Алагөзовтің Instagram парақшасы