Нұрлан Сауранбаев есеп беруді орысша жүргізбеген аудан әкіміне ұрсып тастады
Қазақтың қаймағы бұзылмаған Шымкентте қала әкімі орыс тілінің болашағына алаңдап жүрген сияқты.
Үйреншікті дағдыны бұзып, халық алдында басынан аяқ қазақша баяндама жасаған Әл Фараби ауданының әкімі Бауыржан Ахметәліұлына жиынға қатысқан тұрғындардың бірі наразылық танытқан. Артынша, Шымкенттің әкімі Нұрлан САУРАНБАЕВ аталған сынға байланысты пікірін шұбар тілде былай білдірді, деп хабарлайды Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап.
“Елбасы бізге пример де көрсетіп жатыр. Везде на всех мероприятиях должны вестись на двух языках. Вот вы Послание Жолдауды соңғы естідіңіз ғой? Два вопросты Елбасы қазақша айтты, екі вопросты орысша айтты. Баяндама жасағанда тағы да ішінде или дополнение обязательно нетіп неғылыңдар. Ол жағынан я думаю правильное замечание от жителя города была. Поэтому эти вопросы я думаю что надо обязательно соблюдать”, – деді әкім Нұрлан Сауранбаев орысша-қазақша араластыра сөйлеп.
Дереккөз: Stan.kz.
Фото: Stan.kz.