Белгілі актермен қоштасу 20 желтоқсанда сағат 10.00-да М. Әуезов театрында өтеді
Қазақ киносының классикасына айналған "Қыз Жібек" фильмінде Төлеген рөлін сомдаған танымал белгілі актер Құман ТАСТАНБЕКОВ бүгін қайтыс болды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Актерді танымал еткен Сұлтан ҚОЖЫҚОВТЫҢ "Қыз Жібек" фильмі 1969-1970 жылдары түсірілген. Актер бұдан басқа "Аққулар ұшып келеді", "Махаббат жаңғырығы", "Провинциялық хикая", "Ағама арналған қалыңдық", "Ағам менің", "Көшпенділер", "Махамбет" және т. б. фильмдерге түскен. Театрда Мұхтар Әуезовтің "Айман-Шолпан", "Қарагөз" және "Еңлік-Кебек", Шыңғыс Айтматовтың "Ана-Жер-Ана" және "Ақ кеме", Әбдіжәміл Нұрпейісовтің "Қан мен тер" және басқа да көптеген спектакльдерде түрлі рөлдерді ойнады.
Құман Тастанбеков 72 жаста еді.
Актермен қоштасу рәсімі Алматыда 20 желтоқсан күні, сағат 10:00-да М.Әуезов театрында өтеді.
Фото: dailynews.kz