Қаз   Рус

Ерлан Тұрғымбаев: Ақтөбедегі өрт қылмыстық іс емес, қайғылы жағдай

240 қаралды
0
Ратель
Пятница, 19 Янв 2018, 09:00

Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтылды

Ақтөбедегі автобус өрті қылмыстық іс емес, қайғылы жағдай. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбеге келген арнайы комиссия түнде баспасөз мәслихатын өткізді. Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей ЦОЙ, Инвестиция және даму вице-министрі Роман СКЛЯР баспасөз мәслихатына қатысты.

Оқи отырыңыз
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды

«Жолаушылар автобусы жанып, 52 адам қаза болғаны белгілі. Қазір 5 адам ауруханада жатыр. Олар өз күшімен автобус ішінен шығып үлгерген. Тірі қалғандардың үшеуі Қазақстан азаматы. Жүргізуші Нұржан ҚЫРҒЫЗБАЕВ 50 жаста, ол Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Оның көмекшісі Мақсат ПЕРНЕБЕКОВ 1985 жылы туған азамат. Ол да Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Жолаушы Болат ТАҢАТАРОВ 1986 жылы туған. Екі Өзбекстан азаматы да бар. Үкімет жанынан құрылған комиссия мүшелері оқиға орнына барып, жағдаймен танысты. Тергеу тобы әлі жұмыс жүргізіп жатыр. Оның нәтижесі жақын арада белгілі болады», - деді Инвестиция және даму вице-министрі Роман Скляр

Айта кетейік, 18 қаңтар күні таңертең Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болып, жолаушыларға толы автобус жанып кетті. Өрт кезінде 52 адам қаза болып, 5 адамды күйік шалды. Қазір күйік шалып, газға уланғандар Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдап жатыр. Олардың үшеуі Қазақстан, екеуі Өзбекстан азаматы. 

«Ауа райының қолайсыздығы тергеу жұмыстарын қиындатты. Қазіргі кезде 44 мүрде анықталды. Адамдардың денесін қатты күйік шалып, кейбіреулерін анықтау мүмкін болмай жатыр. Сондықтан олардың барлығын Ақтөбе қаласының мәйітханасына әкеліп, адамдардың аты-жөнін анықтау жұмыстарын жалғастырамыз. Таяу күндері тергеу аяқталады. Сол кезде өрттің нақты себебі анық болады. Нақтыласақ, ол жерде жол-көлік оқиғасы болмаған. Автобус жолдың үстінде тұр. Техникалық ақауы жоқ. Қылмыс белгілері анықталмады. Бұл қайғылы жағдай болуы да мүмкін. Заттай айғақтар, аман қалған адамдардың жауаптары осыны дәлелдейді. Өрт алдымен автобус салонынан шыққан. Содан жолаушылар уланып, сыртқа дер кезінде шыға алмай қалған», - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев.

Комиссия мүшесі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, автобус ішінде жүк көп болған. Бірінші қабатында жүк тиеліп, екінші қабатында жолаушылар отырған. «Алдын ала белгілі өрт шыққан кезде жүргізуші жолаушыларын құтқармақ болған. Бұл ешқандай да қылмыс емес, қайғылы жағдай»,- деді Ерлан Тұрғымбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат.

Фото: inform.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."