Қаз   Рус

"Досымның үйінде тұрамын, пәтерақысын төлеп"

101 қаралды
0
Ратель
Пятница, 29 Дек 2017, 17:30

Долларлап ақша табатын әншілер Алматыда пәтер жағалап жүргендерін айтты

Сахнада жалт-жұлт етіп, сырт көзге бақытты да бақуатты болып көрінгенімен, өнер иелері де небір қиыншылықты бастан өткереді. Жұрт оларды долларлап ақша табады деп ойлайды. Тіпті, “елімізде ең бай мамандық иелері әншілер” деген пікір қалыптасқалы қашан?!

Эстрада жұлдыздары әр тойдан долларлап ақша тапқанымен, шығындарының да соған сай екенін айтады. Ән жаздыру, бейнебаян түсіру, сахналық костюм тағы бар. Оған қоса, үлкен сарайларда концерт берудің өзі де миллиондаған ақша тұрады. Сондықтан болар, әншілер арасында да пәтер жағалап жүргендер де баршылық екен. Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz

Олардың қатарында соңғы жылда хитмендер қатарына қосылған Нұрболат АБДУЛЛИН де бар.

“Пәтер жалдап тұрамын. Құдай қаласа, келер жылы баспаналы болатын шығармыз. Пәтер жалдаудан қиындық көрмеппін бірақ. Кейде ағаларымыз қолдап жібереді, жеңілдікпен түседі. Сондықтан үй алу жағынан да қиыншылық болмайды деп ойлаймын. Бұйырса Алматыда бір шаңырағым болады”, – дейді ол ағынан жарылып.

“Аспанға қараймын” әнімен танылған Абай БЕГЕЙ де жалдамады пәтерде тұратын болып шықты. Әншінің туған жері Ақтау қаласында зәулім үйі бар. Бір кездері Алматыда да бір шаңырағы болған көрінеді. Алайда жұбайы өмірмен қош айтысқан соң, әнші оңтүстік астанадағы мүлкін сатып жіберіпті.

“Біреулерге өтірік болуы мүмкін, бірақ Алматыда пәтер жалдап тұрамын. Ақтауда үйім бар. Негізі кезінде Алматыда да үйіміз болған, бірақ отбасымызда қиын жағдай болғаннан кейін өз-өзімді жоғалтып алдым, Алматыда тұрмаймын деп ойладым. Сол кезде пәтерімді сатқан болатынмын. Енді балалар өсіп қалды, үлкен үй алу керек. Сол себепті әлі алмай жүрмін. Қазір досымның үйінде тұрамын, ай сайын пәтерақысын төлейтін уақыты бар. Бағасын айтпай-ақ қояйыншы”, – деп ұялған әнші 100 мың теңгеден аса төлейтінін айтып қойды.

Сондай-ақ, Ғазизхан ШЕКЕРБЕКОВ, “Жігіттер” квартетінің әншісі Мырзахан МАХАНОВ, “Заман” тобының әншілері жалдамалы пәтерде тұратын болып шықты.

Фото: 31.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.