
Халыққа қызмет көрсету орталығының клиенттері мен қызметкерлері әншімен суретке түсіп, қолтаңба алды
Танымал қазақстандық әнші Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ Ақтөбедегі ХҚКО-ға шетелдік паспорт жасатуға келді деп жазады Sputniknews.kz Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат ЖҰМАНБАЙ хабарлады.
"Бүгін әлемдік деңгейдегі жұлдыз Димаш Құдайбергеновтың сапары Ақтөбедегі №1 ХҚКО-ның қалыпты жұмысын бұзды. Келушілер мен қызметкерлер атақты жерлесінен қолтаңба алып, бірге естелік суретке түсті. Димаш ХҚКО-ға шетелдік паспорт жасатуға келді", — деп жазды Жұманбай әлеуметтік желіде.
Фото: Facebook.com