Қаз   Рус

Ақмола облысының тұрғыны туған енесін өртеп жіберген

11320 қаралды
0
Ерболат АСЫЛБЕКОВ
Вторник, 06 Фев 2018, 17:00

Сот күдіктіні 15 жылға соттау туралы үкім шығарғанымен, айыпталушы тарап келіспеді

Кеше, 5 ақпан күні Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық  сотынада енесін өртеп жіберген азамттың үстінен үкім шықты.

Оқи отырыңыз
Аяз бизнестің жаңа көзін ашты

Қылмыстық оқиға Щучье қаласында 2017 жылдың 12-ші қыркүйегінде болған. Еркін БИМУРЗИН есімді азамат әйелімен жанжалдасып, жары анасының үйіне кетіп қалады. Әйелін қайтармақ ниетте болған күйеуі ішімдікке тойып алып, енесінің үйіне келіп, үйдің есігін өртеп қорқытқан. Үйге кіруге енесі рұқсат бермей, жолын кескеніне қарамастан ол кісіге күш қолданып, үстіне жанармай құйып жібереді.  Сол күні ауруханаға түскен Фарида САФИУЛОВА күйіктен алған жарақаттан 10 күнннен соң бақилық болады. Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 2-бөлімнің 5-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалады.

- Сот шығарған үкімге қорғаушы тарап аппеляциялық шағым келтіруіне байланысты, үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Қазір Ақмола облысының сотында қаралу үстінде, - деді судья Ғалым ҚАЙШЫБЕКОВ.

Енесін өртеп жіберген азамат алпысты алқымдаған жеке кәсіпкер. Судья жасаған қылмысты ауыр қылмыс деп танып, Еркін Бимурзинді 15 жылға бас бостандығынан айырды.   

- Ерлі-зайыптылар жанжалдасып, бір-бірімен ренжіскен. Сіңлім осы жолы да баласын ертіп, анасының үйіне кетіп қалды. Орталарында екі бала бар. Қызы Астана Университетінің студенті. Ал, ұлы болса мектептің екінші сыныбында оқиды. Әпкемнен қапияда осылай айрылып қалады деп ойламадық қой. Өзі де сондай өмірге құштар жан еді. Үстіне жанармай құйған күйеу баласын кім құптайды дейсіз? Әпкемнің күйеу баласына шағымы болғаны рас, - дейді марқұмның сіңлісі Сәния ЖДАНОВА.

Әйтсе де, айыпталушы тарап сот үкіміне келіспейтіндігін жеткізді.Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр. Егер оның қайта қарау жөніндегі шағымынан кейін сот үкімі өзгеріссіз қалған жағдайда, жәбірленуші тарапқа 1 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелінеді.

Фото: nat-geo.ru, автордікі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."